Әкелері екі бөлек егіздер

Oinet.kz 14-10-2019 2367

Screenshot_23.jpg

Сямынь қаласындағы (Қытай) перзентханалардың бірінде таңғажайып жайт орын алды. Аяғы ауыр келіншек екі егіз балаларды дүниеге әкелген. Қызығы, олардың екеуі екі әкеден екені белгілі болған, деп жазады news-fancy.com.

Бұл туралы ДНК тест нәтижесінде анықталыпты. Талдау нәтежесінде босанған әйелдің күйеуі тек бір сәбидің ғана әкесі екендігі анықталған.

Балалардың әкесі егіздердің бірін өзіне мүлдем ұқсамайтынын байқайды. Ал тест нәтижесі оның бұл күдігін растап береді. Бірақ, әйелі күйеуін нәтижені өзгертіп, өзін жазықсыз кінәлады деп айыптаған. Кейін келе, ол өз кінәсін мойындап, күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып берді. Сол нақсүйері егіз балалардың бірінің әкесі болуы мүмкін екен.

Екі еркектің ұрығынан біткен егіздер - өте сирек орын алатын құбылыс. Оны гетеропатернальді суперфекундация деп атайды. Ол тек 13 мыңнан бір жағдайда ғана орын алады екен.

дереккөз: qazaly.kz

Нумерология: Телефон нөмірі нені білдіреді?
Қазақша ескі ай аттары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу