Қандай ыдыстар денсаулыққа зиян?
Ауру астан екені белгілі. Бірақ кейде ас ішетін ыдыстардың да денсаулыққа кері әсері сезіліп жатады. Ендеше қандай ыдыстардың денсаулыққа зиян екенін біле жүріңіз.
Қазіргі қоғамда адамға пайдасымен қоса зияны қатар тиетін заттар аз емес. Оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Әсіресе, ас үй ханшайымдары ыдыс-аяқтарды таңдауда жаңыласпау керек. Оларға кеңес ретінде денсаулыққа зиян ыдыс-аяқтарды ұсынамыз.
Меламинді ыдыстар денсаулыққа 100% зиян. Ұзынқұлаққа сенсек, өндіруші мемлекеттердің өздері қолданбайды, тек шет елге шығарады. Ол бір қарағанда фарфор ыдысқа өте ұқсайды. Бірақ, фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің арқасында жылдам ажыратуға болады.
Металл ыдыстар.
Мұндай ыдыстарға ыстық сорпа немесе шырын қайнатқан кезде металл иондары бөлініп шығады. Металл ыдыстардың ішіне сызат түсірмеуге, дайын тағамдарды сақтамауға кеңес береміз. Себебі, иондар ыдыстағы тамаққа, артынша организмге түсуі мүмкін. Сонымен қатар никель мен хром ионын бөліп шығару қаупі бар.
Алюминий ыдыстар.
Зерттеу нәтижесі бойынша алюминий ыдыс тұзбен, ас содасымен әрекеттескен кезде химиялық қасиетін өзгертеді. Осыған байланысты алюминий ыдыста щи, орамжапырақ, түрлі кисель, компот, бұқтырылған, қуырылған көкөністер, жұқалтыр қағаздағы (фольга) тағам пісіруге болмайды. Ыдысты жасаушы компаниялар бетіне оксидті жабынды қапталатынын айтады. Алайда, алюминий иондары бұл жабынды қаншалықты төзімді екеніне қарамастан тамақтың ішіне түседі. Алюминий ағзаға көп мөлшерде жиналып, нәтижесінде созылмалы ауруға шалдықтырады.
Тот баспайтын болат.
Оны күнделікті тұрмыста пайдаланған жағдайда тамақ арқылы адам ағзасына аллергия шақыратын никель түседі.
Пластмасса ыдыстар.
Қазіргі кезде тұтынудағы ең көп қоллданылатын ыдыс түрі осы пластмассадан жасалған ыдыстар. Дегенмен, бұл аяқ-табақтардың арасындағы «былқылдақ денелілердің» зиянын тілмен айтып жеткізу қиын. Олардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына зияны атом бомбасынан қауіптірек. Бір рет қана пайдалануға қолайлылығы үшін әлемде ең көп өндірілетін бұл ыдыстардың адам ағзасына тигізер зиянының сыртында, олардың қоршаған ортаға жасайтын кері әсері жүздеген жылдарға жалғасады екен.