Парсы патшасы өз қызының орнына ғұн патшасына биші қызды береді

Oinet.kz 11-10-2019 1776


image.png

Аттилланың өлімінен кейін ғұндар іс жүзінде ізсіз жоғалып кеткен. Бірақ екі жүз жыл өткен шақта әлемде тайпаның бір сынығы табылады. Ол ғұндар - хиониттер, олар сондай-ақ эфталиттер немесе жарық ғұндар деп аталды. Олар өз патшалығын құрды. Олар Согдианды, Бактрияны, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанды бағындырды. Қуатты державаны құрып, парсылармен қақтығысқа түсті.

Барлығын қосқанда араларында үш соғыс болды. Үш соғыс та ғұндардың парсыларды талқандауымен аяқталады, тарихтағы олардың соғыс оқиғалары оқимын деушілерге өте қызықты. Дегенмен мен сіздерге ішіндегі ең қызық тұсын айтып бермекпін.

Парсылар ғұндарға бірнеше қалаларын беріп, үлкен күміс төлеулеріне тура келді. Бірақ Гунн патшасы Вахшанвар қойған тағы бір үшінші шарт болды.

«Сен маған қызың Бахарды әйелдікке бересің! Мен оның сұлулығы туралы естідім ...», - деген шартын ғұн патшасы парсы патшасына жеткізеді.

Фирруаш барлық шарттарды қабылдауға мәжбүр болды. Қайда барсын ... Ол қарақшылардың ортасына өзінің хас сұлу қызын жібергісі келмейді. Дегенмен алдында бүкіл халқының өмірі мен тайпасының абырой тұрды. Уәдесін орындауы қажет болды.

 Ал өз қызы Бахарға мән жайды айтқанда, қызы қарақшылардың отанында болып патша гаремінде басқа да құлдықтағы қыздардың бірі болғысы келмейтінін айтып үзілді-кесілді бас тартады.

Фирруаш жақын кеңесшілерін жиып, басқа қандай амал қолдануға болатынын ойлана бастайды. Уәзірлерінің бірі патшаға қызын ғұндардың көрмегенін айтып, ғұн патшасына басқа сұлуды ұсынуға болатынын айтады.

Дегенмен Фирруаш өтірігінің әшкере болатынын ойлап, қатты алаңдайды. Амалсыз патша сонда да өте сұлу, сарайдағы биші қыз Айжанияны арнайы керуенге ертіп ғұн еліне жібереді.

Әрине, қыздың таңдауы болмады. Көп ұзамай қыз патшалыққа жетеді. Қыз өзінің сұлулығымен патшаның жүрегін бірден жаулап алады. Дегенмен Айжания алғашқы түнде-ақ, мүмкін адалдығынан болар, бар шындықты жайып салады.

Биші қыздың әрі сұлу, әрі шыншыл екендігі патшаға қатты ұнап, ол қызды өзіне жар етіп алып, той жасайды. Дегенмен ол сырды тек екеуінің арауында сақтау керектігін ескертеді.

Кейіннен ғұн патшасы алғыс ретінде парсларға өз елшілерін жіберіп, оларға жақсы қарым-қатынас жалғастыру үшін, білімді парсыларды жіберуін өтінеді. Ал өзі бұл елге білімділерін жіберетінін айтады.

Парс патшасы келісіп, ғұн еліне адамдарын жібереді. Алайда ғұндар парсыларға тұзақ құрып, 250 адамының басын алып елдеріне қайтарады. Арасындағы аман біреуінен хат беріп жібереді. Хатта былай деп жазылған:

«Алдама, алданбайсың...»

«Мерседес» компаниясының атауы қайдан шықты?
Жылан етін жейсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу