Бауырыңызды гепатиттен сақтаңыз!

Oinet.kz 23-08-2019 828

Screenshot_8.jpg

Вирустық гепатит – бұл A, B, C, D және E вирустық гепатиттің біреуін тудыратын бауыр қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Аталған вирустар түрлі жолмен беріледі:

А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы, сондай-ақ тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғады;

В және С гепатиті – жұқтырылған қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғады;

D гепатиті – бұл вирус жекеше адамға жұқпайды, ол тек В гепатиті болған кезде дамиды.

Аталған барлық вирустар жіті гепатитті тудырады, оның салдарынан тәбет жоғалады, дене қызуы көтеріліп, терінің сарғаюы және шелдің пайда болуы сияқты белгілер дами бастайды.

В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен обырына әкелуі мүмкін.

Гепатит инфекциялары бүкіл әлемде таралған. Созылмалы инфекциялар 57% жағдайда бауыр циррозына және 78% жағдайда бастапқы бауыр обырына әкеледі.

Гепатитті жұқтырмау үшін келесі қағидаларды сақтау қажет:

1. Таза ауыз су ішу

2. Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау

3. Санитариялық шараларды арттыру (стерильденген инелер, ұстаралар, және басқа медициналық құралдар)

4. Жыныстық-қарым қатынастан қорғану

5. Иммунитет көтеру. 

Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, гепатит адам ағзасын бүтіндей зақымдайды. Бірақ негізгі өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ешқандай белгілері білінбейді. Мұны "жасырын кезең" деп атайды. Бұл кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың білінбейтін, яғни денені сарғайтпайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер науқас адам дер кезінде емделсе, үш аптадан соң, денсаулығы қалыпқа келеді. 



Гепатиттен сақтанудың жолдарын үйретті
Жолда майып болғыңыз келмесе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу