Гепатиттен сақтанудың жолдарын үйретті

Oinet.kz 23-08-2019 828

Screenshot_7.jpg

Сарыағаш аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Сарыағаш балалар шипажай"-ның демалушы балақайларына Вирустық гепатиттің алдын алу бойынша, Құқықбұзушылықтың алды алу және психологиялық денсаулық бойынша дәріс оқылды.Бақытты қолдар-Мұңлы қолдар тренингі ойнатылды. Тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды және оларға тиісті жауаптар берілді.Видеороликтер көрсетіліп,ақпараттық парақшалар тарқатылды.

  Мамандардың дерегінше Вирустық гепатиттер - кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі - бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.

      Сондықтан әр түрлі гепатиттер көбінше  «сары ауру»  (аурулардың көбіне ортақ кең тараған белгісі) деп аталады. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Vғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қоздырушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді, ол бүкіл ағзаға жалпылама тиетін патологиялық процесстің компоненттерінің бірі. Гепатит, яғни бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының,қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.

 Мамандар іс-шара барысында балаларға  вирусты гепатиттен сақтанудың жолдарын ұғындырды.  


Шалғайда да медицина қолжетімді
Бауырыңызды гепатиттен сақтаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу