Ана сүті – бала үшін ең пайдалысы

Oinet.kz 07-08-2019 652

Screenshot_5.jpg

Ана сүті – өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды. Мамандардың айтуынша сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Ана сүтінің тағы қандай біз біле бермейтін 10 артықшылығы:

1. Ана сүтінің құрамында ағзаға керек барлық нәрлендірушілер бар: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмір су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец), липаза, лактаза т.б. арнай ферменттер деп жалғасып кете береді.

2. Ешқашан екі бірдей ана сүтін кездестіру мүмкін емес. Құрамы, майлылығы баланың қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады.

3. Ішек, респираторлы жұқпалы, аллергиялық аурулардың алдын алады. Сондай-ақ өкпенің қабыну қауіпін сейілтеді. Калифорния университетінің медициналық орталығы емізу уақытына қарай балаларды бірнеше топқа бөліп, зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 6 айдан көп уақыт емізілген балаларда өкпе қабыну ауруы 4 есе аз кездесетіндігі, диабет түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып, ұмытшақтыққа, ас қорыту жолдарына пайдасы шаш етектен екенін анықтаған.

4. Баланың физикалық өсуін дамытады. Сана-сезімін жетілдіреді. Америкалық медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың дат азаматына он жыл бойы жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижесінде туылған алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде есте сақтау қабілеті, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған.

5. Баланың жүйке-психикасын дамытады.

6. Ана сүтінің құрамында А,Е,Д витаминдері өте көп.

7. Баланың артық салмақ, семіздік ауруларына шалдығудың алдын алады.

8. Емізу баламен қатар анаға да пайдалы. Ол сүт безінің қатерлі ісікке шалдықпауын 2 есе төмендетеді.

9. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, мейірімді болып өседі.

10.Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді.

  Осы орайда  елімізде бастау алған   "Емізу - бала саулығының негізі" ұлттық бағдарламасы Түркістан облысында да жалғасын тауып, аудандық емдеу мекемелерінде түрлі іс-шаралара ұйымдастырылуда. 

Емізу – бала саулығының кепілі
Шалғайда да медицина қолжетімді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу