Емізу – бала саулығының кепілі

Oinet.kz 07-08-2019 864

Screenshot_3.jpg

Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орайластырылған «Емізу бала саулығының негізі» ұлттық бағдарламасы аясында Бәйдібек аудандық орталық аурухана учаскелік педиатр және учаскелік медбикелер жас аналарға емшекпен емізудің маңыздылығы ,дұрыс емізу тақырыбында дәріс  жүргізді. «Емізу – бала саулығының негізі» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты әйелдерді бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру болып табылады. Емізу – нәрестені тамақтандырудың ең үздік  тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нәрлі элементтерден тұратын сәбиге арналған ең жақсы тағам және кең таралған балалар ауруларынан баланы қорғауға көмектесетін антидене.

      Ақ халаттылар аналармен әңгіме барысында баланы еміздудің жолдары мен пайдасы туралы пайдалы кеңестер берді. 

     Мамандардың айтуынша Баланы емізу баланың денсаулығы үшін өмір бойы маңызды. Ол медицина мекемелерінің, отбасы мен үкіметтің шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Босанғанннан кейінгі алғашқы сағатта баланы емізу нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді және оның өмірін сақтайды. Емшектегі балалар тек жартылай еметін немесе мүлде ембейтін жағдайда іштің өтуінен және басқа инфекцияның салдарынан өлім-жітім қаупіне шалдығады. Сонымен қатар, баланы емізу ақыл-ой дамуының  коэффициентін, мектепке дайындығы мен оның оқу көрсеткіші деңгейін арттырады және оған есейген шақтағы табыс деңгейінің аса жоғары болуы да  байланысты. Ол кейінірек сүт безі мен аналық бездің обырына, қант диабетінің 2 типіне шалдығу қаупін және аналардың босанғанан кейін депрессияға шалдығуын төмендетеді.

Емшектегі балалар гиперхолестеринемия, семіздік, асқазан-әшек жолдарының аурулары, жіті респираторлық-вирустық инфекциялар, отитке көп шалдықпайды. Оларда мешел мен алллергиялық диатез секілді ауруалды аурулар сирек кездеседі.

Баланы емізуді бала туылғаннан соң алғашқы сағатта бастау керек; бала қанша сұраса, сонша күндіз және түнде де емізу керек; бөтелке мен емізікті қолданудан аулақ болу қажет.

Баланы емізуді үйрену қажет. Басында көп әйелдер қиындыққа тап болады. Баланы емізу мәселелері бойынша мамандардың қолжетімді кеңес беруінің арқасында әрбір әйел баланы 6 айға дейін тек емізуді және/немесе тиісті қосымша тамақ берумен қатар екі жасқа дейін жалғастыруды қамтамасыз ете алады.

Емізудің артықшылығы:

Ана сүті

•         Толыққанды тамақтану

•         Тез сіңеді және толық қорытылады

•         Инфекциядан қорғайды

•         Жасанды тамақтан арзан тұрады

Баланы емізу

•         Эмоциялық байланыс пен дамуды қамтамасыз етеді

•         Жаңа жүктіліктің орын алмауына көмектеседі

•         Ананың денсаулығын қорғайды

Ана сүтінің қорғаныс қасиеті:

-    Ана сүті инфекция мен аллергиядан бірден-бір қорғанысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың иммундық жүйесінің лайықты дамуын ынталандырады.

-    Ана сүтінің қорғаныс қасиеті патогенді микрофлоралардан асқазан-ішек жолдарын алғашқы қорғанысын қамтамасыз ете отырып, анадан балаға энтеральдік жолмен пассивті гуморалдық иммунитеттің табиғи жолмен берілуі анықталады.

-   Ана сүтінде түрлі антигендерге, әсіресе энтеробактериялар мен вирустарға, стрептококк, стафилококк пен пневмококк, қарапайым вирустарға қарсы антидене бар.

-  Ана сүтінде макрофагтар, лимфоциттер мен нейтрофильді гранулоциттер көп. Бұл жасушалар бала анасының байланысты болатын микроорганизмдерге қатысты фагоцитоз, сондай-ақ иммундық факторлар секрециялары арқылы да инфекцияның алдын алуға көмектеседі.


Тұрғындар тегін кеңес алды
Ана сүті – бала үшін ең пайдалысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу