Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Қызыл бұрыш ауызыңызға түссе, оның құрамындағы капсаицин үш тармақты жүйке рецепторларының сезгіштік қабілетін арттырады да, нәтижесінде ауыз қуысында «өрт» пайда болады.
Капсаицин бұрыштың ішкі бөлігінде орналасады. Сондықтан күйдіру әсері бірден пайда болмайды, тек шайнаған кезде ғана пайда болады. Шырышты қабыққа тиген капсаициннің аздаған мөлшерінің өзі тілдегі температураға немесе механикалық және химиялық тітіркендіргішге жауап қайтаратын С-талшықтары деп аталатын жүйке ұштарына әсер етеді. Қатты күйдіру тек ащы бұрыш С-талшықтары аз кездесетін өңешке жеткенде ғана басылады. Әйтсе де «өртегіш» капсаициннің зиянынан пайдасы көп. Ол асқазандағы сөлдің бөлінуін арттырып, тәбетті ашады. Одан бөлек капсаицин митохондрияға әсер ете отырып, зиянды жасушаларды жоюға ықпал етеді.