Мұрны аққан бала ақылды бола ма?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қариялар «Баланың мұрны аға берсе ақылды болады» деп айтып отырады. Әрине, бұл жаңсақ пікір. Егер де оны дер кезінде тоқтатпасаңыз, аллергиялық аурулардың өршуіне әкеліп соғады. Жай ғана үйіңізде шаң көтерілсе, бала міндетті түрде түшкіреді. Тіпті түшкірген бөбегіңіздің мұрнының айналасын 1 рет сүртіп қоюға ерінбеңіз.
Сонымен қатар, мұрнының ішіндегі қатып қалған кірді шұқылап тазалауға әрекеттенбеңіз. Егер мұрын тесігін шұқылай берсеңіз, болашақта бөбегіңіз иіс сезбейтін жағдайға душар болады. Бұл үшін қарапайым мұрын тесігіне кішкене сүтіңізді сауып жіберсеңіз, өзі-ақ жібіп шығады. Оны мұрынтартқышқа жылы су құйып, тартып шығарасыз.