«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Сурет ашық дереккөзден алынды
Киім үлгіңізді өзгертіп жұмысқа келген сәтте сізге он адамның тоғызы «керемет» деп, бір ғана адам «жараспайды» десе, сіз қай адамның сөзіне көңіл бөлер едіңіз. Әрине сізге төмен баға берген жанның. Мұның себебін мамандар былайша түсіндіреді. Ми үшін мадақтан гөрі сын маңыздырақ екен. Сізге біреу ескерту жасаса немесе өзге адамның сізге деген жағымсыз қылығын байқасаңыз, санаңыз жеңіл күйзеліске ұшырайды. Жауап ретінде денеңіз кортизол гормонын бөле бастайды. Кортизол тек күйзеліс кезінде ғана бөлініп қоймай, адамның «ұр да жық» реакциясын қоздырады. Яғни, адам сынға қарсы жауап қайтаруға дайын болады