5 сағаттық азап
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды
Орта ғасырда кедей адамдардың арасында қуықта тастың жиналуы жиі кездесетін. Себебі олар ақуызға бай тағамдарға жарымайтын. Медицина мамандары аталған дертті литотом деп аталатын құралдың көмегімен емдеген.
Литотомды қуыққа кіргізген кезде сайманның өткір екі жүзі ашылатын болған. Пышақ тәріздес құрал сол кезде қуықтың айналасын жонып, кеңейткен. Хирург осылайша қуықтағы жиналған тастарды сыртқа шығарған. Операция шамамен 5 минутқа созылған. Алайда осы бес минуттың өзі пациент үшін бес сағаттай сезілген. Себебі ота кезінде ешқандай анестезия қолданылмаған.