Қоршаған орта және ұрпақ денсаулығы
Үшінші он жылдықтың басында экология мәселесі бүкіл әлемдік проблемаға айналды. Адам экологиясында маңызды мәселе - өсіп келе жатқан жас ағзаларға қоршаған ортаның қолайсыз факторлары-ның үздіксіз әсер етіп көптеген паталогияға әкелуі алаңдатуы. Балалар ағзасы тұқым қуалаушылық, әлеуметтік, биологиялық әсерлерді бір уақытта сезінеді. Туа болған кемтарлардың дамуының обьективті маркері экологияның қолайсыз жағдайы.
Статистика бойынша жер бетінде балаларда туа болған кемістіктер жиілеуде. Қазақстанда экологиялық апатты аймақтарда кемістіктермен туылған нәрестелердің саны жыл сайын артуда. Олар ұзақ өмір сүре алмайды, себебі мүшелері немесе дене бөліктері қалыпты дамымаған. Мысалы: өңеш немесе артқы тесігінің болмауы, артқы ми жарығының болуы, гидроцефалия, жүйке, жүрек және қантамыр жүйелерінің кемістіктері. Соңғы он жылда елімізде туа болған кемістікті балалардың саны үш есеге артты.
Оңтүстік Қазақстан Облысындағы Созақ ауданының Таукент елді мекенінде орталық рудо басқармалығының негізінде аффинаждық зауыт орналасқан. Зауыт жоғары технологиялы қондырғылармен жабдықталған. Бұл зауыт Республиканың атом-энергетикалық бағдарламасын дамыту мақсатымен уран оксидін (U3O8) өндіреді. Осы зауыт қалдықтарының қоршаған ортаны ластануынан балалар ауруы, өлім себептері арасында корреляциялық байланыс дәрежесі анықталады. Соңғы он жылда Созақ ауданында сәбилер өлімі тым артып кеткені байқалады.1998 жылға карағанда 2008 жылы сәбилер өлімінің деңгейі 1,3 есеге артып, 1000 туылған нәрестеге 59,2 құрап отыр. Бұл деңгей республика көрсеткішінен 20,6, ал Оңтүстік Қазақстан облысы көрсеткішінен 30 жоғары.
Перинатальды өлімнің өсу жиілігі біршама ластанған аймақтарда, таза ауылды елді мекенді аймақпен салыстырғанда 2 есе жоғары. Бірінші орында атмосфералық ауаның ауыр металдармен қорғасын, кадмий, кобальт, мнс, мырышпен ластану жағдайы. Емізулі аналардың ағзаларында химиялық заттардың жинақталуы сүтпен емшектегі баланың ағзасына өтіп, олардың дамуымен өсу жағдайына әсер етеді. Атмосфералық ауасы жоғары ластанған аудандарда тұрғылықгы тұратын 11-13 жастағы қыз балаларда соңғы жылдары жамбас өлшемінің кішірею көрсеткіштері жиі тіркелуде. Қоршаған ортаның түрлі зиянды әсерлерінен әйелдерде репродуктивті қызметтің бұзылуы жүктіліктің алғашқы (8-аптасында) кезеңінде балалардың мүшелері және жүйелерінің түзілуіне әсер етіп, туа болған кемістіктердің дамуына соқтырады.
Гүлдана Шынпейсова
Түркістан медицина колледжінің
Медициналық биология және генет ика пәнінің оқытушысы,
2016 ж