Қалай дұрыс тамақтануға болады?

Oinet.kz 01-08-2019 1019

тамақтану.jpg

Тамақтану – адам денсаулығын өмір бойы нығайту мен сақтаудың басты факторы. Егер дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері мен қағидаларын бұлжытпай орындай алсақ, жүрек қан-тамыр аурулары (инфаркт,инсульт),обыр,қант диабеті сияқты созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын қауіп-қатерлердің алдын алуға болады. Ендеше, тамақтану қағидаларын біле жүрейік.

 

Дұрыс  тамақтанудың 12 қағидасы:

1. Тамақ әртүрлі және құрамында өсімдік өнімдері көп, ал жануар текті азық-түлік аз болу қажет.

2. Нан, өндірілген дақылды өнімдер, макарон өнімдері, күріш пен картоп тағамның негізін қалыптастырады.

3. Көкөністер мен жемістерді тәулігіне 400 гр артығырақ бірнеше рет тұтыну қажет.

4. Күнделікті құрамында май мен натрий мөлшері төмен сүт және сүт өнімдерін, ал сүтқышқылды өнімдерді тәулігіне кемінде 200 гр тұтыну қажет.

5. Майсыз ет, балық, құс етінің мөлшері тәулігіне кемінде 80 гр болуы қажет. Майы көп ет және балық, құс етін, бұршақ өнімдерімен алмастыру керек.

6. Майдың мөлшері 30%-дық тағамның тәуліктік құнарлылығынан аспау қажет.

7. Тағам құрамында көмірсулар аз болуы қажет – тәуліктік құнарлығы кемінде 10%.

8. Ас тұзының мөлшері тәулігіне 5 грамнан аспауы қажет.

10. Алкогольден бас тарту қажет.

11. Тағамды қауіпсіз және гигиеналық тәсілмен әзірлеу керек.

12. Бала денсаулығына маңызды – емізу.

 1008487.jpg

- Құрамында барлық қажетті элементтері бар азық-түлікті шамамен тұтыну. Әсіресе құрамында дәрумендер мен микроэлементер бар азық-түлікті тұтынуға назар аудару қажет. Олар сіздің ас мәзіріңізде жылдың кез келген мезгілінде болуы керек.

- Тамақты күніне 3 рет (таңғы, түскі, кешкі аста) қабылдау және осы тамақтануға 2 «аралық» қосымша тамақтануды қосу қажет. Кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмей қабылдау қажет.

- Күн сайын шөлдемесеңіз де жеткілікті мөлшерде суды тұтыну қажет (жас ұлғайған сайын шөлдеу сезімінің төмендейтінін ескеру қажет).

- Шайналуы тиіс азық-түлікті үккіштен өткізу немесе ұнтақтағыш, еттартқыштың көмегімен тарту қажет.

- Заттаңбадағы (қораптағы) азық-түліктің құрамы туралы ақпаратты мұқият оқу қажет.

- Өзіңіздің дене салмағыңыздың артық еместігіне немесе қажетсіз және салмақтың артық төмендемегеніне көз жеткізу үшін мезгіл-мезгілімен салмақ өлшеп тұру ұсынылады. Жоспарсыз салмақ тастаған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Фармацевтика қай елде пайда болған?
Көк шайдың қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу