Ең сирек кездесетін аурулар қандай?

Oinet.kz 01-08-2019 2086

Денсаулық-бірінші байлық. Жаттанды әрі жұтаң көрінгенмен сөз астары шындықпен көмкерілген. Назарларыңызға әлемде өте сирек кездесетін сырқат түрлерін ұсынамыз.

uzn_14926774623.jpg

Моргеллон ауруы - АҚШ дәрігерлері алғаш рет 2002 жылы анықтаған Моргелон ауруы науқасқа тері астына жүгіретін микроскопиялық қоңыздардың сезімін тудырады. Бұл аурумен шағымданғандарды дәрігерлер «есінен адасқан болар» дейді. Себебі нақты паразиттерді бастапқыда байқау қиынға соғады. Бірақ науқастың терісінен қышу белгісі байқалып, жаралар қалады. Микроскоптық зерттеулерде мутацияға ұшыраған саңырауқұлақ байқалады.Науқастардан  2017 жылы 20 мыңға жуық ұқсас белгілері бар шағым тіркелді. Ауру географиясы: АҚШ (барлық 50 Штаттар), Нидерландыда, Австралияда, Ұлыбританияда сирек кездеседі.

натали.jpg

Уақытша соқырлық- Мельбурнның тұрғыны Натали Адлер ерекше психикалық ауру. Әр үш күн сайын  күшті бұлшықет спазмдары салдарынан көзін аша алмай, соқыр кейіпке енеді. Цикл әр үш күн сайын қайталанады. Бұл алғаш рет стафилокококк инфекциясымен асқынған мұрын қуысы инфекциясынан кейін болды.Натали ылғи соқыр болатын күнін нақтылап  жоспар құрады. Өз естелінде: «Менің 18 жасым соқыр күніме түсті. Тек 21 жасымда ғана көзім көретін күні достаррымен туған күнімді атап өттім» деген екен.

uzn_14926776971.jpg

Паранеопластикалық көпіршік- ауру өте сирек кездеседі. Мысалы,  1993 жылдан 2003 жылға дейін батыс елдерінде 163 оқиға тіркелген. Паранеопластикалық көпіршікпен ауыратын науқастардың 90%-ға жуығы сепсистің немесе өкпе жетіспеушілігінің салдарынан жыл сайын  өледі.

uzn_14926778279.jpg

Суға аллергия (аквагендік крапивница)-терінің сумен, тіпті  кез келген байланысы науқасқа азап әкелетін ауру. Аллергиялық реакция кез келген қоспалардан,  тазартылған суға да пайда болады. Суды ішу өте ауыр болғандықтан,  сүт ішуге тура келеді.Ванна қабылдау, жаңбырлы немесе қарлы ауа райында үйден шығу сияқты факторлар ауқасты азаптайды. Суға аллергия 230 миллионның бір адамында кездеседі.

Без названия (1).jpg

Аргироз- «көк тері»  синдромы,  сирек кездесетін патология. Денеде күміс мөлшерінің артық болуынан туындайды. Калифорния Пол Карсон коллоидты күміс пен тазартылған судан жасалған қолдан жасалған бальзамды бақылаусыз қолданғандықтан 57 жасында күміс-көгілдір болған. Ер адам 62жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Тіс емдету үшін аузы күйгендер
Ине терапиясы не үшін қажет?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу