Ине терапиясы не үшін қажет?
Чжэнь-цзю терапиясы Қытайда осыдан 4 мың жыл бұрын бастау алғаны белгілі. Ине арқылы емдеу процедурасы әлі күнге дейін медицинада кеңінен қолданылып келеді.
Ежелгі емшілер сол кездің өзінде инені үстіңгі еріннің дәл ортасына шаншыса есінен танып қалған науқасты оятатынын, ал қолдың басбармақ және сұқ саусағының сырт жағына тығылған ине ұйқысыздық дертіне шипа екенін білген. Сондай-ақ қытайлар пышақ немесе өзге де құралдардан болған кішкентай жарақаттар денсаулыққа пайдалы деп білген.