Тіс емдету үшін аузы күйгендер
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
XVIII ғасырға дейін медиктер тістің ішінде құрт еніп алатындықтан ауырады деп есептеген. Демек, тістің ауырғанын басу үшін құрттың көзін жою керек. Ол үшін ежелгі адамдар түрлі тәсілдерді қолданған.
Мәселен, тіске құс саңғырығын майға қосып жаққан. Сорақысы сол ауру тіске кейде қышқыл, енді бірде еріген балауызды және балқып тұрған темірді құйған. Мұның тіске қаншалықты пайдасы бары белгісіз, анығы сол емдеу кезінде науқастардың аузы күйіп қалатын болған.