Қандай ауруларды музыка арқылы емдеуге болады?

Oinet.kz 31-07-2019 1931

музыка.jpg

Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Өзіңіздің мінезіңізден арылғыңыз келсе, төмендегі музыкалар арқылы болмысыңызға өзгеріс енгізуіңізге болады.

Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін Шопен "Мазурка", Штраустың «Көктемгі вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған).

 Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін – Бах, "Кантата №2", Бетховен "Айлы соната". «Прелюдия және фуга» ре минор (d moll, a moll).

 Жалпы тыныштандыру үшін – Бетховен "Симфония №6", 2 бөлім, Брамс "Колыбельная", «Венгериялық би 1,5,6» Шуберт "Аве Мария".

 Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарымқатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған "Концерт ре-минор", соль минор, ля минор.

 Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт "Дон Жуан", Лист "Венгер рапсодиясы  №1", Хачатурян "Сюита Маскарад".

  Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковский "Алтыншы симфония", 3 бөлім, Бетховен "Уверюта Эдмонд".

Қатігездікті, қызғаншақтықты жою үшін – Бах, "Италялық  концерт", Гайдн "Симфония".

 Зейінді шоғырландыру, тұрақтандыру үшін - Чайковский "Жыл мезгілдері",  Дебюсси "Ай жарығы", Мендельсон "Симфония №5".

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Қазақстанда қалай тегін емделуге болады?
Балықтың қандай түрі ағзаға ең пайдалы?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу