Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Даун синдромы-тұқымқуалаушылыққа тәуелсіз, физикалық және ақыл-ой дамуынан артта қалумен сипатталатын, сирек кездесетін гинетикалық ерекшелік.
Әлемде дүниеге келген әр 700 баланың біреуінен даун синдромы анықталады . Даун синдромымен анықталған баланың дүниеге келуін ата-ана түрліше қабылдайды. Біреулер ұстамдылық танытып, балаға деген мейір-махаббатын бөледі. Ал біреуле жігерсіздік танытады. Мысалы, Украинада даун синдромымен туылған баланың 80 пайызын бөбектер үйіне өткізеді екен. Ал, баладан бас тартпай ары қарай жетілдіргісі келетін ата-аналар жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Себебі:
"Күн балалары" Даун синдромына шалдыққан балалардың барлығы әлемге басқа жанармен қарайды. Олар маңына сыни көзқараспен емес, мейірімге бай ортаға сай мейірлене қарайды. Олар өздерінен адамдарға деген ерекше махаббатты бөледі. Ерекше қамқорлықты талап ететін балалардан қиын характер емес, қиындыққа биім жоғары сана түр береді. Олар ылғи адамдарға көмек көрсеткісі келіп тұрады.
Даун синдромыа шалдыққан балалардың дүниетанымы кең. Олардың IQ деңгейін 75 деңгейін жоғарылатуға болады. Мектепті бітірген соң, олар жоғары оқу орнында білім ала алады.Егер олар сау балалармен өсіп, жанұяда жақсы назарда болса, дамуы тез жүреді.Бұл балалар тым сенгіш әрі аңқау болып өседі. 80% жағдайда Даун синдромы бар балалар 18-35 жас аралығындағы сау әйелдерден туған. Егер отбасында Даун синдромы бар бала болса, келесі бала осы дертпен дүниеге келетініне қауіп тек 1%-ды құрайды.
«КҮН БАЛАЛАРЫ» өзге балалардан ерекше қамқорлықты қажет ететіндігінен тыс ерекше қабілетімен бөлектенеді. Олардың көздерінің көру қабілеті жоғары, кітап оқуға тез үйренеді, сурет салуға таланты жоғары болады, спорттық жетістіктерге бейім келеді, компьютерді жақсы меңгереді. Бұл типтегі балалардан актер, балетмейстер, кәсіпкер, ұстаз жалпы барлық мамандық иесін қалыптастыруға болады.
Егер сіздің балаңыздан даун синдромы анықталса, торықпаңыз. Барлық бала Даун синдромынан "зардап шекпейді". Брайан Скотко жүргізген зерттеуде, Даун синдромы бар ересектердің 99% - ы өмірде бақытты екенін мәлімдеген. Бастысы, Даун синдром генетикалық кездейсоқтық деп қабылдау керек. Оған ешкімді кінәламаған абзал. "Күн баласы" шуағын шашып шаттанғанда сіздің де күйзелісіңіз артта қалатынына сеніммен қараңыз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.