Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Қолдың температурасы мен ондағы сызықтар сырқатыңызды анықтайтынын білесіз бе?
- Қолыңыз үнемі мұздап жүрсе, онда қан таралуында өзгерістер орын алып, ағзаңыздағы қышқылдар төмендеген болады. Мұны байқасаңыз тез арада дәрумені мол тағамдарды жегеніңіз дұрыс.
- Керісінше, қолыңыз ысып, алақаныңыз от болып жанып тұрса - бауыр қызметін дұрыс атқара алмай жатқаны.
- Ал, алақаныңыз ылғалданып, суланып жүрсе - қалқанша безінде ақау бар деген сөз.
- Қолыңыз қурап, әрі қуқыл тартса - онда уақыт өткізбей дәрігерге көрініңіз.
- Егер, алақаныңыз сарғыш болса - бауыр мен өт жолында өзгерістер болып жатыр.
- Алақаныңыз қызарып жүрсе – бауырыңыз ауырады.
- Ал, қоңырлау болса - өтіңіз қабынғанынан хабар береді.
- Шынашақтарыңыз жансызданып, жиі ұйыса – жүрек-қан тамырларының сыр бере бастағаны.
- Бас бармағыңыздың шынашағы ұйыса - тыныс алу жолдары суықтаған.
- Саусағыңыздың бастары қарақошқыл түске енсе – асқазан ауырып бастағаны.
- Саусақ ұштарындағы ақ дақтар – гемоглобин төмен екенінен хабар береді.
- Саусағыңыздан қызыл түс байқасаңыз – бүйрек пен бауырды узиге түсіріп, тексерткеніңіз дұрыс.
- Егер, оң қолыңыздағы сұқ саусағыңыздың екі жаны қышыса – тоқ ішегіңізде ақау бар болғаны.
- Саусақ буындарын жиі сықырлатсаңыз – ағзаңызда кальций жетіспейді.