Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Инсульт - ми қанайналымының жіті бұзылуы, оның симптомдары бір тәуліктен артық уақыт сақталады. Инсульттің 3 типі бар: ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульт және субарахноидальдық қан құйылу. Инсульттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Соның ішінде ең бастысы тамырлардың бітелуі. Артериялық қысым жиі көтерілгенде мидың терең құрылымдарын қоректендіретін ұсақ тамырлардың қабырғаларында өзгерістер дамуы мүмкін. Аталған өзгерістер тамырлардың тарылуы, бітелуіне әкеледі.
Инсульттың жиі кездесетін алғашқы симптомдары қол немесе аяқтың кенет әлсіздеуі, қол немесе аяқтың кенет ұюы, сөйлеу немесе оны түсінудің кенет бұзылуы, кенет есеңгіреп қалу, координацияның бұзылуы, бас айналу, естен танып қалу, себепсіз немесе ауыр күйзеліс, артық күш жұмсаудан кейінгі бас ауруы, ерін немесе беттің бір бөлігінің кенеттен ұюы, әдетте беттің "қисаюы". Инсульттің даму қаупі адамның жасы ұлғайған сайын артады. Инсультті өткізгендердің үштен бір бөлігі 20 және 60 жас аралығындағы адамдар. Инсульттердің үштен екі бөлігі 60 жастан асқан адамдар. 55 жастан асқаннан соң әр он жыл сайын инсульттің даму қаупі екі есе артады. Еркек адамдарда инсульттің даму қаупі әйелдерден біршама жоғары. Бірақ, соңғы зерттеулер бойынша бұл деректер тең. Кез-келген жаста инсульт өлім-жітімі әйелдерде көп болады.
Инсульттің алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен өзіңіздің артериялық қысымыңызды қадағалаңыз. Егер де сізде артериялық гипертония болса, күнделікті артериялдық қысымыңызды тексеріңіз (күніне екі рет). Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының критерияларына сәйкес сынап бағанасы 140/90 мм артық қысым артериалдық гипертония болып есептеледі. Қандай да бір жүрек ырғағының бұзылуы бар-жоқтығын білу қажет. Қан құрамындағы холестерин мөлшерін тексеріңіз. Холестерин жоғары болса, дәрігерге қаралыңыз. Жаттығулар жасаңыз. Белсенді өмір салтын сақтаңыз.
Сара Бисүгірова,
Ордабасы аудандық емханасының невропатологы