Шәйдің адам ағзасына тигізер пайдасын білеміз бе?

Oinet.kz 13-06-2019 1716

ifq.jpg

Еуропалық клиникалық тамақтану журналының зерттеуі бойынша қарапайым судан қарағанда шәйдің адам ағзасына тигізер пайдасы көп.Мысалы,шәй жүрек және рак ауруларынан қорғайды.Оның сыры неде?

Сарапашылардың пікірінше шәйдің құрамындағы флавоноидтердің және полифенолды антиоксиданттардың арқасында шәй осындай қасиетке ие.Себебі дәл осы ингредиенттер ағзаның жасушаларына зиян келтіруге жол бермейді.

Жүрек ауруларының алдын алу мақсатында күніне жаңадан алынған шәй жапырақтарының 3-4 кесесін ішу жеткілікті.Бұл сусынның тағы бір артықшылығы-құрамында фторидтің кездесуіне байланысты тіс кариесі ауруларынан қорғап,сүйекті қатайтады.

Шәй-сіздің денсаулығыңызға пайдалы әрі қолжетімді сусын.

«Біз денсаулықты таңдаймыз»
Қиярдың денсаулыққа тигізетін пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу