«Біз денсаулықты таңдаймыз»

Oinet.kz 12-06-2019 1458

a98d990c-62c9-4d49-b0b1-fc7c5ed62e59.jpg

Түркістан облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Түркістан қалалық емxанасының дәрігерлері және Облыстық Спид орталығының мамандарымен бірлесе «Біз денсаулықты таңдаймыз!/Наш выбор – здоровье!/Health is our choice!» ұранымен «Mega City» ойын-сауда орталығында  мәдени-сауықтыру акциясы өтті. Акция барысында эндокринолог, терапевт, педиатр дәрігерлері қала тұрғындарына медициналық кеңес беріп, бой, салмақ, артериалық қан қысымын өлшеп, экспресс-тест анализ алынып, қандағы қант, xолестерин мөлшерін анықтап, халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіді. 

Акция барысында концерттік бағдарлама көрсетіліп, физикалық жаттығу жасалды. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы не білесіз?" тақырыбында викториналық ойын ойнатылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атынан естелік сыйлықтар табысталды. 

Үйдегі ең қауіпті зат не екенін білеміз бе?
Шәйдің адам ағзасына тигізер пайдасын білеміз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу