Қиярдың денсаулыққа тигізетін пайдасы
1. Ағзадағы су жетіспеушілікті толықтырады
Егер сіз күні бойына ағзаға жеткілікті түрде су мөлшерін тұтына алмасаңыз,онда қиярды көп тұтынуды кеңес береміз.Себебі,қиярдың 90% -ы судан тұрады.
2. Токсиндерді жояды
Қияр құрамындағы су-денедегі артық қалдықтарды шығаруға қабілетті.Ал күнделікті қолданған жағдайда,бүйректегі тасты ерітуі де әбден мүмкін.
3.Ағзадағы дәрумендерді толықтырады
Қиярдың құрамында біздің ағзамыз күнделікті қажет ететін дәрумендер кездеседі. Мысалы,қияр құрамында кездесетін А,В және С дәрумендері адам ағзасындағы иммундық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп,адамның күні бойы сергек жүруіне әсерін тигізеді.
4. Ас қорытуға және артық салмақтан арылуға көмектеседі
Құрамында судың жоғарылығы мен калорияның аздығына байланысты қияр-арықтағысы келетін жандарға тамаша тағам.Оны әртүрлі тағам және салат құрамына қосып күнделікті пайдалансаңыз болады.
5. Обыр(рак) ауруының алдын алады
Қиярда секоизоларициресинол,ларисиресинол және пироресинол бар.Бұл үш қосылыс-обыр ауруларының кейбір түрлерінің алдын алады.Оның ішінде,сүтбезі,қуықасты безі және жатыр обырының пайда болу қаупін төмендетеді.
6.Шаш және тырнақтың жағдайын жақсартады
Қиярдың құрамындағы кремний сіздің шаш пен тырнақтарыңыздың мықты әрі жылтыр болуына қөмектеседі.