Медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өткізілді

Oinet.kz 13-06-2019 1132

d8a12df5-1d0e-4050-953e-9d0148f36b83.jpg

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде 16 маусым – Медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өткізілді.

Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мереке құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

df65ae80-4b8f-45e9-bb8a-15e2ed0469df.jpg

Бұл айтулы күнде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының оқытушы-профессорлары мен болашақ дәрігерлер-білімгерлер де өздерінің жұмыстарына қорытынды жасап, жетістіктерімен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

Институтта 1087 интерн дәрігер білім алуда. 7 профессор, 18 ғылым докторы, 63 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, жалпы 222 ОПҚ жұмыс жасайды.

Ендеше, қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Қиярдың денсаулыққа тигізетін пайдасы
Қызылша ауруы жайлы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу