Жетісай аудандық орталық ауруханасы телемедициналық қызмет көрсетілуде

Oinet.kz 22-11-2021

70b1776c-846d-4e22-b1f2-d832724fde1a.jpg

Жетісай орталық ауруханасы соңғы жылдарда науқастардың емдік шараларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Емдеу мекемесі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл құрылғылар халық игілігі үшін пайдаланылуда. 

Жетісай аудандық орталық ауруханасы 2009 жылы пайдалануға берілген. Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан емдеу мекемесінде барлығы 301 төсек-орындық бар. Аудандық ауруханаға қарасты 14 клиникалық бөлім мен бір мезгілде 500 науқасты қабылдай алатын  емхана  жұмыс істейді. Сондай-ақ, аурухана құрамына бастапқы медициналық санитарлық көмек қызметі, 9 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт пен  1 мейіргерлік пункт кіреді. 

Жетісай аудандық орталық ауруханасы – бүгінгі таңда 88945 тұрғынға  амбулаториялық, стационарлық және стационар алмастыру бағытында көптеген медициналық қызмет түрлерін көрсетеді. Жүкті әйелдерге екінші деңгейдегі көмек көрсету ісі де жолға қойылған. Сондай-ақ, ауруханада 4 орын гемодиализ орталығы, жансақтау бөлімшесі, клиникалық зертхана, рентген кабинеті, Ультрадыбыстық зерттеу  кабинеті, физиотерапия,  педиатрия, оңалту бөлімі мен паллиативтік көмек бөлімдері халыққа сапалы қызмет көрсетуде. 

Түркістан облысының аудандары бойынша алғаш рет 2017 жылы Жетісай аудандық орталық ауруханасында инсульт орталығы іске қосылған. Мұнда келген әрбір науқасқа мультидисциплинарлы топ шұғыл көмек көрсетеді.  Заман талабына сай медицина саласындағы соңғы жаңалықтар мен технологиялар ауруханада көптеп енгізілуде. 

f92cd6c6-73da-4d59-802f-f53bd6291e10.jpg

– Жетісай аудандық орталық ауруханасы жаңа елді мекенде орналасқан. Бір аурухананың құрамында бірінші медициналық-санитарлық көмек, 9 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медпунктен тұрады. Жетісай аудандық орталық ауруханасы 88 мың 945 халыққа амбулаториялық-стационарлық және стационар алмастыру бойынша медициналық және жүкті әйелдерге екінші деңгейде көмек көрсетуде. Аурухана ғимараты құрылысы 1980 жылдары басталып 2006 жыл аралығына дейін қараусыз қалған. 2006 жылы құрылыс қайта қолға алынып 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген. Аурухана 301 тәулік стационарлық, сонымен қатар 4 орын гемодиализ бөлімшесі, компьютерлік кабинеті, томографияға түсіретін клиникалық лаборатория, рентген кабинеті, УДЗ кабинеті, физио және тағы басқа бөлімшелері бар. Жетісай аудандық орталық ауруханасында 14 бөлімшеден құралады. Ол терапия, реабилитация, педиатрия, кардиология, инсульт орталығы және балалар бөлімі, паллиативті бөлімнен құралады. Ауруханада телемедициналық қызмет көрсетілуде. Ол 2008 жылы ашылып, қазіргі таңға дейін салыстырмалы түрде айтсақ 2020 жылы 227 науқасқа көмек көрсетіліп, 2021 жылы 234 науқасқа көмек көрсетілді, - дейді Жетісай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Рашид Достемесов.

Былтыр қазан айында қуаттылығы 200 оттегі нүктесіне жететін және күніне 200 оттегі баллонын толтыра алатындай станция орнатылды.  Бұдан бөлек, жүректің инфаркті мен инсульт алған науқастарға ем қабылдауға көмектесетін ангиограф аппаратын орнату арқылы Жетісайлық дәрігерлер күрделі кардиологиялық оталарды жасауға қол жеткізуде. Медицинадағы болып жатқан өзгерістерге сай аудан дәрігерлері жыл сайын білімін толықтырып, біліктілігін артырып отыратынын да атап өткеніміз абзал. 

ЖИТС орталығында науқастың құпиялығы басты назарда
Жылына бес мың әйел босанады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×