Ағза көмек қажет етсе қалай өзгереді?

Oinet.kz 04-11-2020 4172

Адам ағзасы керемет үйлесімге ие. Ағзамызда түрлі процестердің санап санына жету қиын. Егер бір процесс бұзылса, міндетті түрде ерекше сезім орнайды. Көпшілігіміз ағзадағы өзгеріске бейжай қараймыз. Әр түрлі асқынулармен күресуден гөрі, мәселені ең басында жою әрқашан жақсы! Біз сіздерді өз денсаулығыңызға мұқият болуға шақырамыз! Сонымен, біздің ағзамыздың кейбір сигналдары нені білдіретінін білейік.Дене көмек сұраған кезде:

image.png

Тері құрғаса

Ағзаға Е дәрумені жетіспесе, тері құрғайды. Қорды толықтыру үшін өз рационыңызға жаңғақтар, майлы балық және өсімдік майын қоссаңыз жеткілікті.

Шаш пен тырнақтың сынуы

Бұл белгілер В дәрумені мен кальцийдің жетіспеушілігін көрсетеді. Дәрумен  дәнді дақылдарда,  нан құрамында көп мөлшерде кездеседі.

Қызыл иектің қанауы

Ағзаға В дәрумені жетіспесе, пайда болатын фактор. В дәрумені  пияз, сарымсақ, жемістер мен көкөністерде көп мөлшерде болады.  Сондай-ақ, сізге итмұрын инфузиясын немесе қарағай  тұнбасын тұтынуға болады.

Нашар ұйқы және әлсіздік

Магний мен калий тапшылығынан хабар береді. Бұл микроэлементтер кептірілген өрік, өрік пастилі, қара өрік және қызылшада көп мөлшерде кездеседі.

Түнде құрысулар

Бұл белгі магний мен калийдің жетіспеушілігінен пайда болады.

Теріге бөртпе қаптап шығуы

Бұл С және А дәрумендерінің жетіспеушілігінің айқын белгісі. Дәрумендер  сәбіз, асқабақ, қызанақ, өрік, кептірілген өріктің құрамында бар.

Тұзды тағамдарға құмарлық

Ағзада инфекция пайда болғанын немесе қабыну процестері жүріп жатқанын білдіреді. Бұл кезеңде адамдарды кіші дәреті жиілейді.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сабақ жоспары: Ядролық қару
Ұзақ өмір сүрудің 5 ережесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу