Иммунитетті қалай жақсартуға болады?

Oinet.kz 16-07-2020 3138

Иммунитет жайлы көп естеміз. Санамызда ол ұғымның анықтамасы болмаса да сөз арасында қолдануға құмармыз. Назарларыңызға иммунитетті күшейтуге ықпал ететін мәліметтер тізбегін ұсынамыз.

image.png

Иммунитет - организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Иммунитет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін иммунитеттің маңызы аса жоғары.

Иммунитетті төмендететін әдеттер:

image.png

  • Жылдам дайындалатын тағамдарға әуестік. Құрамында май мен көмірсулер жоғары өнім тұтыну. 

  • Су ішу тәртібін сақтамау, суды жеткіліксіз пайдалану.

  • Зиянды әдеттер: алкогольді және никотинді пайдалану.

  • Аз қозғалыс, физикалық белсенділіктің болмауы.

  • Депрессия және стресс. Өзін қоғамда толыққанды сезінбеушілік. 

  • Аз демалыс және аз ұйқы. Салдарынан адамдар шаршау мен ұйқысырауға бейім келеді. 

  • Радиациялық және басқа да қауіпті аймақтарда,  экологиялық қолайсыз жерлерде болу.

Иммунитетті жақсартатын өнімдер:

Сарымсақ 

image.png

Тұмауға, бактерияға, вирусқа, зиянкестерге, ісікке қарсы тұратын бірден-бір әмбебап құрал. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарымсақты антибиотик ретінде де қолданған. Осы жайдан кейін ғана құрамында антибиотик қызметін атқаратын аллил күкіртті метил бар екені анықталған. Сол себепті сарымсақты тек иммунитет көтеру үшін емес, суық тию мен тұмауға қарсы да қолдануға болады.

Қызылша

image.png

 Оның құрамында С дәрумені мен марганец көп. Марганец лейкоцит қызметін жақсартып, иммунитетті арттыруға көмектеседі.

Асқабақ

image.png

 Иммунитетті көтеретін А дәрумені мен бета-каротиннің нағыз қайнар көзі. Асқабақ орнына сәбіз не құрма қолдануға да болады.

Алма 

image.png

Оның құрамында антиоксидант пен қабынуға қарсы нәрселер бар. Сондықтан бұл ретте алманың да көмегі мол.

Көк шай

image.png

 Құрамындағы антиоксиданттар рак талшықтары өсуін тоқтатады. Ал дәрумендері инфекциямен күресуге септігін тигізеді.

Тауық еті

image.png

Басқа да майсыз құс еттерін атауға болады. Олар ақуызға бай, ал ақуызсыз имунитетті көтеремін деу бос әурешілік. Ақуыз ыдырап, аминқышқылдарына айналады, соның арқасында жаңа лейкоциттер түзіледі.

Бадам (миндаль)

image.png

Ол ағзаны селенмен, пайдалы маймен және Е дәруменімен байытады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Ыстық сусын ішу арқылы ыстықта салқындауға бола ма?
Әлемдегі ең үздік дәрілер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу