Ыстық сусын ішу арқылы ыстықта салқындауға бола ма?
Ыстық күнде салқын су ішкенге не жетсін? Дегенмен салқын су ішкеннің зиянды тараптары да баршылық. Кейбір адамдар ыстық күнде ыстық шай ішкенді жақсы көреді. Оның салқындауға септігі бар деушілердің де қарасы табылады. Екі түсінік абсурд тудырады.
Сурет ашық дереккөзден алынды
Адам салқын су ішкенде ағза сұйықтықтың температурасын төмендетеді. Сол сәтте ағза керісінше ысып кетеді. Екінші ұғым туралы ойлар болсақ, кей адамдарда терлеу арқылы салқын күй кешкен эффект сезіледі.
Бұл мәселеге қызығушылық танытқан Оттава университетінің қызметкерлері жаздың ыстық күнінде бірнеше еріктілердің қатысуымен эксперимент өткізген. Ішілген ыстық судың аздаған мөлшері де тер бөлінуін айтарлықтай арттырады, бұл ішкі температураның жоғарылауынсыз денені тез салқындатуға ықпал етеді. Тіл мен тамақта терлеуді тудыратын жылу тітіркендіргіштеріне жауап беретін рецепторлар бар екендігіне байланысты.
Бірақ ыстық ауа райында тәннен тердің бөлінуі жағымсыз әсер береді. Ыстық сусынның салқындату әсері терідегі ылғалдың булануынан кейін ғана сезінуге болады. Егер далада дымқыл болса ыстық сусын тек дене температурасын арттырады.