Пандемия және психология

Oinet.kz 04-06-2020 973

Әлемдегі коронавирус пандемиясы арасында барлық ел жаңалықтар мен әңгімелердің топ тақырыбы Covid-19 Қазақстанға да жетті.

image.png

Халық, отбасына қажетті тауар тамақ өнімдерімен өздерін қамтамастық шараларын қолданып оқшауланып үйлерінде отыр. Бірақ физикалық денсаулықты ғана ойлап қана қоймай психологиялық тұрғыдан да өздерін дайындау маңызды.

Психологиялық кеңеспен бөліскім келеді:

1. Вирус туралы және жалпы проблемалар туралы әр дайым ойланбауға, айтпауға тырысыңыз. Егер сізде үрей және алаңдаушылық болса, сол үрейіңізді параққа суретін салып жыртып тастағаныңыз абзал.

2. Адамдар бір-бірімен әңгімелесу кезінде «әлеуметтік жұқтыру» ұғымы бар. Сізді қорқыныш сезіміне әкелетін әңгіменің барлығын тоқтатыңыз: бұл сіздің эмоцияңызға арналған инфекция.

3. Балалардың карантин салдарынан үйде болу себебіне байланысты теледидар мен компьютердің орнын ауыстыратын ойындар мен маңызды істер тізімін жасаңыз. Балаларға отбасына көмек көрсету міндетін тапсырыңыз.

4. Карантин дұрыс тамақтануға көшудің себебі, тәттілерді, кетчуп, печенье, шырынды сусындарды алып тастаңыз. Жылдам көмірсулар бала ағзасына энергияны аса көп берілуіне байланысты, оқшаулану кезінде энергияны шығару қиындыққа әкеледі. Бұл жағдайда тәтті тағамдар ағзаны әлсіретіп инфекцияға мінсіз орта жасайды. Сондықтан балаларға бұл шаралардың вирустың алдын-алу екенін түсіндіру қажет.

5. Күніне бірнеше минут өте жағымды әдемі түстерге әсерлі естеліктерге өздеріңізді сезінген жақсы жерге көңіл бөліңіз.

6. Күн сайын 15 минут дене шынықтырумен айналысыңыз. Вирустар денсаулығы күшті және позитивті адамдардан қорқады.

Есіңізде болсын! Біз көп нәрсені басымыздан өткердік бұл да өтеді. Өмір өзгерді, сондықтан осындай өзгерістермен жаңа белсенділік мүмкіндіктер мен шешімдер келеді. Өздеріңізді жақындарыңызды үйде отырып сақтаныңыздар.

Г.АБИЛЬДАЕВА, №2 ШҚЕ психолог маманы

Көгерген нан жарақатқа ем
Covid-2019. Нені білуіміз керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу