Көгерген нан жарақатқа ем
Сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерінің көгеріп кететіні белгілі. Мұндай жарамсыз өнімдерді тұтыну денсаулыққа аса зиян.
Ал ертеректе емшілер көгерген нанның емдік қасиеті бар деп есептеген. Мәселен ежелгі Қытай мен Грецияда көгерген нанды жарақаттың бетіне инфекция түспесін деген мақсатта таңып қоятын болған. Ал ежелгі Мысырда инфекцияға қарсы дәрі ретінде кәдімгі топырақты қолданған. Мысырлықтар топырақты мың бір дерте дауа деп сеніп, ауырған адамды топыраққа жатқызып қойған екен.