Кененің кесірі тимесін

Oinet.kz 04-06-2020 1128

Конго қырым қанды қызбасы, кейде халық арасында Көкала деп аталатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Оңтүстік  өңірдегі  халықтың, осы көкала ауруы бойынша жұқтыру қауіптілігі жоғары. Себебі барлық аудандарда, қалаларда көкала ауруының вирусын тасымалдаушы иксод кенелері бар. Бұл ауру көктем, жаз мезгілдерінде көбірек кездеседі. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады. 

image.png

Көктем, жаз айларында өсіп – өнуі үшін аса белсенділік танытып, жануарларға, сонымен қатар малдарға және адамдарға қан сору үшін шабуыл жасайды. Адам денесіне кене білдірмей және ауыртпай, терінің жұмсақ жеріне жабысып, қан сорады. Сондықтан, адамдар жеке бастың тазалығын сақтамай, кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Ауырған адам өзімен қатынастағыларға қауіп төндіреді. Аурудың қоздырғышы сырқаттың қанында, ішектен қан кеткенде, құсықта, нәжісте болады.

Көкала ауруының жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін. Содан кейін науқас адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы, буындары сырқырап ауырады, көзі мен тамағы қызарып, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың 2-5ші күндері мұрнынан, асқазан, ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қол мен теріні басқанда немесе шымшығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауру асқынып, өлім жағдайына алып баруы, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырып, таратуы мүмкін.

КҚҚҚ алдын алу:

- Кене шаққан жағдайда, аурудың алғашқы белгілер байқалған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек.

- Адамды кене шақпауы үшін, табиғат аясына демалуға немесе жұмыстармен шыққан жағдайда қала дәріханаларының бәрінде сатылатын репеленттерді (жәндіктерді үркітетін заттар) қолдану қажет. –– қой қырқым немесе малдарға күтім жасаған кезде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн. – орман, тоғайда жүргенде, мал қораны тазалаған кезде үстеріңізді мұқият қарап жүріңіздер. – өрістен келген малдардан, мал қорадан кенені көрсеңіз, оны қолғап пен теріп, отқа жағыңыз. – ешуақытта қолмен кенені езбеңіз.

Кенені алу тәсілі: кененің басы теріге кірген жерінен абайлап жіппен, қысқышпен (пинцет) шығарып алып, жақсы жабылатын ыдысқа салып, мүмкіндігінше емханаға апарыңыз , апаруға жағдай жоқ болса отқа жағыңыз. Шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту керек.

С.АШИРБЕКОВА, №1 ШҚЕ дәрігер эпидемиологы 

Жарақат кезінде алғашқы көмек көрсете білесіз бе?
Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу