Жарақат кезінде алғашқы көмек көрсете білесіз бе?
Жарақаттанудың бірнеше түрлері бар: күйік, үсік, сынық, жарақат, улану, қан кету. Бұлардың қай-қайсысы болмасын адам өміріне қауіпті. Сондықтан жарақаттың әрқайсысына жеке тоқталып, оның алдын-алу шаралары мен алғашқы көмек жайын сөз етсек.
Күйік - теріге қайнап тұрған су, өте ыстық бу, қызған металл бұйымдары, шарпыған от, сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.
Термиялық күйік-көптеген қарулар:от шашқыш, өртенгіш бомба және басқа да түрлерімен жараланудан пайда болады.Тері және тері асты қабатының зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді:
-І дәрежесі күйік-орнының қызаруы, кішкене ісінуі,қызаруы, күйген жердің ауруымен сипатталады. 3-5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады.
-ІІ дәрежелі күйік-сарғыш, түссіз сұйықтық толған бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен сипатталады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15 күнге созылады. ІІ дәрежелі күйіктерді тек медициналық мекемелерде емдеу қажет.
-ІІІ дәрежелі күйік-барлық зақымдалған терінің бір бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен сипатталады. Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті қабыршақ жабады.
-ІV дәрежелі күйік-тері, сонымен қатар тері асты май қабаты, сіңір, бұлшық ет, кейде сүйектің де жансыздануымен сипатталады.Күйік беті қара түсті қабыршақпен жабылады. ІІІ және ІV дәрежелі күйік кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді. Жансызданған ұлпалар (некроз) бөлініп,15-20 күнде түсе бастайды.Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы болады.
Химиялық күйік-теріге қышқылдар (концентрлі сірке,азот,тұз,фосфор қышқылдары),сілтілер (күйдіргіш натрий,күдіргіш калий, сөндірілмеген әк)және басқа да заттардың әсерінен пайда болады.
Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге қарсы бағытталған болуы керек,бұл үшін күйген жерді суық сумен,мұзбен салқындату керек,кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып тастау қажет.ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау керек.ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік орталығына жеткізу керек.
Химиялық күйік алған кезде күйікті көп мөлшердегі сумен немесе марганецті қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісімен жуу керек.Қышқылдардан болған күйіктерді ас содасының әлсіз ерітіндісімен,ал сілтілерден болған күйікті-бор қышқылының 2-4%-ды ерітіндісімен немесе сірке суының әлсіз ерітіндісімен жуған дұрыс.
Үсік - адам қатты аяз кезінде шалдығады. Әсіресе, дененің ашық жерлері: аяқ-қол, мұрын, құлақ, бет үсікке көбірек шалдығады.Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды.
Үсіктің 4 дәрежесін анықтайды.
-І дәрежелі үсік-жылынғаннан соң қатты аурумен сипатталады,тері қара-көк немесе қошқыл-қызыл түсті болады және ісік пайда болады.Жағдайдың түзілуі 2-3 күннен кейін ғана болады.
-ІІ дәрежелі үсік-тері қара-көк немесе қоңыр-қошқыл түсті болады,оның үстінде 2-3 күн бойы мөлдір сұйықтық толған көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
-ІІІ дәрежелі үсік-терінің және оған жақын ұлпалардың жансыздануымен сипатталады.
ІV дәрежелі үсік-терінің және жұмсақ ұлпалар мен бұлшық еттердің және сүйектердің жансыздануымен сипатталады.
Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды дереу жылы бөлмеге кіргізіп,жылытқыш қойып немесе жылы ваннаға отырғызу керек,бұлардың температурасы алғашында +22+25 градустан аспауы керек.
Сынық - бұл кенеттен қатты бір күштің әсерінен сүйектің жартылый немесе толығымен тұтастығымен бұзылуы, әдетте, сүйек сынған кезде күштің әсерінен оның айналасындағы жұмсақ ұлпалар зақымданады. Сіңірлердің, жүйке тамырларының үзілуі де болады және айналасындағы барлық жұмсақ ұлпалар зақымданады.
Сынықтар - ашық , жабық , толық , жартылай болып бөлінеді.
Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем-ең бастысы зардап шегушіні толық тыныштандырып,денесінің зақымданған бөлігін қозғалмайтындай етіп байлау керек. Ол үшін таңғыш қалақ,ал ол болмаса қолда бар мата,тақтай қолшатыр,бір бау шыбық алып оларды бинтпен орайды да,солар арқылы қозғалтпайтындай жағдай жасайды.
Жарақат - тері тұтастығы бұзылмай,ұлпалар мен мүшелердің зақымдануы.Ол адам денесінің белгілі бір аймағына жарақаттанушы фактордың тез және қысқа уақытта әсер етуінен пайда болады.
Жарақаттар
Бас сүйегінің жабық мидың, дененің , сіңірдің зақымдануы қызып кетуі созылуы күн өту, соғып алу
Жарақаттанғанда көрсетілітін алғашқы көмек әр оқушы жарақаттанудың түрлерін айтқанда,айтып өтеді.
Улану - көбінесе газдан улану,пеш жаққанда улану,түрлі заттардан улану болып табылады.
Улану газдан, тұрмыстық улы химиялық тұншықтырғыш улану заттардан улану, заттардан улану газдан улану, улы өсімдіктермен улану , саңырауқұлақтардан улану
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек әр оқушы уланудың түрлерін айтқанда,айтып өтеді.
Қан кету деп - зақымданған қан тамырлардан қанның ағуын айтамыз. Қан кету көбінесе адам бейнесінің бөліктері немесе мүшелері механикалық зақымданғаннан кейін болады.
Қан кету қолқа тамырдан, көк тамырдан, қыл тамырдан, паренхиматоздық қан кету
Қан кетуді тоқтату тәсілдері:
-қысып тұрып байлам салу
-жгут салу
-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып ұстау
-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара буынның жанында болса)
-жараланған жерді көтерінкі орналастыру.
М.АҚБОТАЕВА, №1 ШҚЕ жалпы тәжірибелі дәрігері