Метилдің емі этил
Метил спиртінің кәдімгі алькоголь және этил спиртінен дәмі мен иісі жағынан аса айырмашылығы жоқ.
Алайда метил ағазаға аса қауіпті. Тіпті метанолдың аз ғана мөлшері адамды соқырлыққа ұрындыруы мүмкін, ал 30 мл ішкен адамды өлім құшады. Көп жағдайда адамдар метилді этилмен шатастырып ішіп қояды немесе қолдан жасалған арақтан уланып жатады. Бір қызығы метанолдың уын тек этил спирті қайтарады екен.