Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды
Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
2020 жылдың 21 қараша сында сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен.
- Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша, үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Нәтижесінде ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен, - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған.