Шаштың өспейтін жері жоқ
Түк адам денесінің басым бөлігінде өседі. Ал көздің ішіне өсіп шыққан түк туралы естуіңіз бар ма?
Иракта тұратын жас жігіттен дәрігерлер туылған кезде көзінің ішінде қатерлі емес ісікті анықтаған. Көз ішіндегі обыр баланың денсаулығына еш зиянын тигізбеген және ауырмаған. Әлгі жігіт 19 жасқа толған кезде көзіндегі ісігі үлкейіп, үстінен шаш өсіп шыға бастаған. Әдетте көз ішіндегі қатерлі емес ісік адам өміріне қауіпті емес. Алайда шаштың өсуі жағдайды қиындатуы мүмкін. Ісіктегі түктен қауіптенген онкологтар ақыры пациенттің көзіндегі ісікті алып тастайды.