Күйзелістен жеңілу ауруға жол ашады

Oinet.kz 26-05-2020 963

Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 1992 жылы 10 қазанды «Халықаралық психикалық денсаулық күні» деп жарияланған болатын. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Бұл халықаралық күн психикалық денсаулықты қорғауға арналған күн болып табылады.

monstr_po_imeni_stress.jpg

Психикалық денсаулық – ішкі сезімнің жарасымдық жағдайы, бұл кезде адам өз қабылеттерін жүзеге асырады, өмірдің қарапайым қиындықтарына төтеп бере алады, өнімді еңбек етеді және өз қауымдастығына тиісінше үлес қосады. Бұл тұрғыда психикалық денсаулық адам көңіл-күйі тұрақтылығының және қауымдастықтың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.

Психикалық денсаулық эмоцияларымыздың білінуінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерде, берік те жарасымды отбасылық қатынастар құруда, өмірден ләззат алуда ең басты рөл атқарады. Психикалық денсаулықты нығайтуға өмірлік қажетті жағдайлар мен қоршаған ортаны жасақтайтын, психикалық денсаулықтың сақталуын қолдайтын және адамдарға салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер кіреді. Бұлардың қатарына адамдардың неғұрлым көбірегінде мықты психикалық денсаулықтың болуына мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды іс-әрекеттер кіреді.

Психикалық аурулардың жаршысы стресс болып табылады. Қазіргі өмірдің өзі күйзеліске бейімделген: саяси, экономикалық, жұмыстағы келеңсіздік өмір өзгерістері, сонымен қатар, қоғамдық көлікте жай ғана жол жүру өзінің күйзелісі бар адамның мойынсұнуына, сондай-ақ депрессияға дейін жақындай бастауына алып келеді. Стресстер заманауи адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Сондықтан психикалық аурулардың бастамасы болып табылатын күйзеліске қандай жағдай болмасын төтеп берсеңіз – деніңіз әрдайым сау болады!

А.АБЫЛБАЕВА, 

№2 ҚА психолог дәрігері

В США врачам впервые удалось ввести человека в состояние анабиоза
Психикалық денсаулықты зерттеудің кейбір аспектілері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу