Медбикенің белі ауырмасын деп...

Oinet.kz 26-05-2020 802

Медицина саласы жақсы дамыған Германия ауруханаларында қызықты, қажетті аппараттарды көптеп кездестіресіз. Немістер пациенттің ғана емес сонымен қатар медицина қызметкерлерінің де денсаулығына аса мән береді. Жалпы барлық стационарда өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайы ауыр науқастарды медбикелер төсекке жатқызып немесе төсектен арбаға отырғызады. Бір күндік жұмыс уақытында мейірбикелер қаншама науқастың қолтығынан демейді десеңізші.

2009759d79382fbc02b11a01e0ebae09dc.jpg

 Ал Германияда мұндай жұмыстарды арнайы аппарат атқарады. «Г» әрпіне ұқсас қондырғы науқастың ешбір жеріне зақым келтірмей, оны арбадан төсекке жатқызады. Бұл медқызметкерлерді бел ауруынан сақтаса, екіншіден уақыттарын үнемдейді. Тазалықты, ұқыптылықты сүйетін неміс елінің көшелерінен, адам көп шоғырланған метро станциясы, сауда орталықтарынан  дефибрилляторды (жүрек тоқтағанда электр зарядын беретін аппарат) кездестіруге болады. Арнайы шкафтарға салынған аппаратты оқыс жағдай кезінде кез-келген адам қолдануына болады. Қолдану ережесін білмейтіндер үшін  аппаратқа дыбысты көмекші орнатылған. 

Гринвич госпиталі
Хош иісті бетперделер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу