Сіңір созылғанда...

Oinet.kz 25-05-2020 1356

Сіңір созылуы – буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Көбіне жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады. Сіңір созылуының белгісі – зақымданған жер қатты ауырады, ісіп кетеді. Сондай-ақ сіңір созылған жерге қан ұйиды.

Сіңір тартылуы - Денсаулық -

Сіңір созылған жерге салмақ түсіруге болмайды. Адамдар сіңір созылғанда оны жылы ұстап, ыстық суға булап жатады. Бұл өте қате шешім. Сіңір созылған аймаққа ешқашан грелка қойып, жылы компресс жасауға болмайды. Себебі жылу қан құйылуын ұлғайтып, ауруды күшейтеді, асқындыруы мүмкін.  Мұндай кезде алдымен мұз басу керек. Ауру күшейсе, дәрігерге қаралған жөн.

Биттен вакцина ойлап тапты
Бақыт гормоны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу