Зияны да пайдасы да болмаған ем
XIX ғасырдың аяғында психикалық ауытқуы бар, өте ашуланшақ адамдарды будың көмегімен емдеген екен. Психиаторлар ыстық бу жүйкесі сыр берген жандарды сабасына түсіреді деп есептеген.
Төрт бұрышты ағаш булағыштардың ішіне пациенттерді отырғызған. Бастары кабинаның сыртына шығарылған. Процедура бір қарағанда түрмедегі қылмыскерлерді жазалау әдісіне ұқсайды. Алайда бу емінің ешқандай зияны болмаған. Науқастардың киіммен отырғанына қарағанда пайдасы да болмаған секілді.