Оба: себебі, емі және алдын алу шаралары
Жедел ағыммен сипатталатын жұқпалы ауру адамның лимфа түйіндеріне және ішкі ағзасына әсер етеді. Бұл өте жұқпалы ауру болып табылады.
Обаның шығу себебі
Жұқпалы ауруды туғызушы Yersinia pestis бактериялары. Табиғитатта бұл аурудың негізгі ошығы жабайы жануарлар. Инфекцияның негізгі таратушы көзі – егеуқұйрықтар, нақтырақ айтқанда егеуқұйрықтардағы бүргелер. Сонымен қатар, бұл ауруды тасымалдаушы бүргелер, кенелер, иттер мен үй мысықтары. Адамға инфекция ауа тамшыларымен, жөтелгенде, сөйлескенде жұғады. Бұл көбінесе өкпе обасына тән. Жұқпалы аурудың әсерінен адам өмірімен қош айтыса алады.
Обаның белгілер
Аурудың басталуы жылдам ағыммен басталады. Дене қызуы тез көтеріліп, қалтырайды. Бұлшық еттер мен буындарда қатты ауырсыну, бастың қатты ауруы, сегізкөз аймағында ауырсыну сезілуі, галлюцинация және сандырақтау, қан құсу, жалпы әлсіздік. Ой және дене әрекеттерінін тежелуі, жүрек соғуының жоғарылауы мен қан қысымының төмендеуі.
Обаны емдеу
Бұл жұқпалы ауруды емдеу арнайы жабдықталған ауруханаларда, кіре берісі мен жеке әжетханасы бар палатаға жатқызумен басталады. Емдеу тактикасы мен дәрі-дірмектерді таңдауды емдеуші дәрігер жүзеге асырады. Бұл ауруда ертерек диагноз жасау арқылы білу мен терапияны бастау ерекше орын алады. Дәрі-дәрмектермен емдеу кезінде науқасқа обаның түріне байланысты антибиотиктер тағайындалады, жергілікті терапия және хирургиялық емдеу қолданылады. Симптоматикалық терапия кезінде антипиретикалық препараттар, детоксикация ерітінділері, қан плазмасындағы ерітінділер және стероидты гормондар тағайындалады. Ауру өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады.
Обаның алдын-алу шаралары
Инфекцияның табиғи ошақтарына жататын жерлерде осы аймақта тұратын халыққа вакцинация жүргізілуі керек. Оба профилактикасы мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек. Инфекция ошақтары болған кезде науқастарды оқшаулап, обаға қарсы арнайы іс-шаралар жүргізу қажет. Маңызды фактор дәрігерге уақтылы бару және қажет болған жағдайда вакцинацияны ектіру.