Мектеп жасындағы қызға анасы не жайлы айтуы тиіс

Oinet.kz 05-02-2020 1744

5400356.jpg

Көп жағдайда қоғамда баланың дамуы мен жетілуі туралы ашық сөйлесу ұят деген түсінік қалыптасқан. Кейбір ата-аналар оған аса мән бермейтін болса, басқалары баламен ондай әңгімені қозғауға тіпті қысылып жатады. Бұл ретте ананың өсіп келе жатқан қызымен сөйлесіп, қажетті дүниелерді түсіндіріп өтуі өте маңызды екенін ескеру керек. Осы орайда гинеколог аналардың өсіп келе жатқан қыздарымен қандай тақырыптарда ұялмай сөйлесу қажеттігі жайлы айтып, кеңестерін берді. 

1. Қыз баланың жетілу сатылары 

Жетілудің екі сатысы бар: 13-14 жасқа дейінгі препубертатты және 16-18 жасқа дейінгі пубертатты. Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды, аяқтары өседі. Ал екінші сатысында сүт бездері ұлғайып, ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгеріске ұшырайды. Яғни, осы кезеңде қыздарда мынадай өзгерістер пайда болады: жыныс мүшелері дамып, сандары жұмырланады, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастап, жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады. Бұл кезеңде анасы қызымен етеккір циклі жайлы сөйлесуі керек. Етеккір жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстық кезеңге дейін созылып, ай сайын қайталанып отырады. Алғашқы етеккір көбіне 13-15 жас аралығында келеді. 

Етеккір келгенге дейін қыз баланы алдын ала дайындау керек.  Ең бастысы қыз баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне мән беру маңызды. 

2. Міндетті түрде гигиена сақтауға үйрету керек 

Күнделікті сусабын және сабын қолданып шомылуға, арнайы дезодоранттар қолдануға үйрету қажет. Мысалы, кейбір отба¬сыларда жуынатын заттарды ортақ пайдаланады, киімдерін де бірге жуады. Ал дұрысында әркімнің өз сабыны, щеткасы, езу құралы болуы керек. Тіпті киім жуатын құтыларды пайдаланғанда оны тазартқыш заттармен жақсылап жуып алғаны дұрыс. 

3. Бойжеткендерге дәрумен терапиясын қабылдап тұру керек

Гинекологияда витаминдерді қыз баланың ағзасындағы гормон ауытқуы алдын алу үшін қабылдайды. Оған бірден-бір қарапайым мысал ретінде етеккір циклының бұзылуын айтуға болады. Осы кезеңде С дәруменін қабылдау керек. Ол жалпы етеккір процесін ретке келтіріп, эстроген мөлшерін көбейтеді.  Сондай-ақ, E дәруменінің пайдасы зор екені айтылады. Е дәрумені профилактин гормонын азайтып, етеккір циклінің бұзылуын және бедеуліктің алдын алады екен. 

4. Қыз баланы жоспарлы түрде тексерістен өткізіп тұру қажет 

Бүгінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) ешқандай ауырсыну әкелмейтін және инвазив емес (яғни жаракатсыз, тәнге енбейтін) әдіс болғандықтан, медицинада кеңінен қолданылады. Қыз балаға міндетті түрде жалпы қан талдауы, несеп талдауы, төс қуысы рентгені, бүйрек, жүрек УДЗ диагностикасынан өтіп тұру маңызды. Жатыр УДЗ-сы ауытқуларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Мысалы, қосарланған жатыр немесе екі қынаптың болуы, кейбір жағдайларда екі жатыр мойыншағы болуы мүмкін. 

5. Денсаулыққа зиян келтіретін киімдер кимеу 

Тар ішкиімдер – стринг киюдің қажеті жоқ. Оның айтуынша, стрингтер түрлі инфекцияларды тасымалдайды. Нәтижесінде тері қабынып, бактериялар пайда болу қаупі бар. Бұдан бөлек, әсіресе жас қыздарда дәретханадан кейін ішкиімнен немесе сүлгіден-ақ түрлі жыныстық аурулар таралуы мүмкін.

Қыз балаға тек ана болып қана қоймай, құрбысы әрі сырласы болу маңызды.  Сондай-ақ, бойжеткен қыздар өздерін тұлға ретінде дамытып, түрлі шеберлік сағаттарына барып, таланттарын шыңдай түскені дұрыс.

Иммунитетті нығайту жолдары
Почему женщины живут дольше мужчин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу