Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Вирустарға, суық желдерге және алғашқы аяздарға қарсы айқаста жеңіп шыққыңыз келе ме? Онда иммунитетіңізді нығайтыңыз.
Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану барлық аурулардан қорғайтын нағыз қорғаушы сауытыңызды қалыптастыруға көмектеседі.
Ең бастысы – қиын ештеңесі жоқ! Дәрігер сізге ешқашан тауық сорпасын ішу керек деп кеңес бермейді, бірақ оның пайдасы туралы біздің әжелеріміздің өзі білген. Ал таңертең жаңа сығылған апельсин шырынын ішсеңіз – бұл тек пайдалы ғана емес, оған қоса өте дәмді!
Күн сайын сіздің ағзаңыз 200-ден астам вирустарға тап болады. Егер сол сәтте өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, күйзеліске бейімді болсаңыз, ұйқыңыз қанбаған болса және дер кезінде пайдалы құнарлы заттарды қабылдамаған болсаңыз сіздің ағзаңызға олармен күресу қиынға соғады. Кейін ұзақ уақыт бойы жалықтыратын ем алғаннан гөрі бірден қарсыластарыңызға тойтарыс бергеніңіз әлдеқайда оңай емес пе?
Қалай әрдайым әрекетке дайын болуға, тіпті ең суық мезгілде өзіңізді керемет сезінуге және вирустарды жолатпауға болады? Ол үшін әдеттерді қалыптастырып, иммунитетті нығайтатын құралдарды білу керек!
1. Теңдестірілген пайдалы тамақ
Жаңа піскен көкөністер мен жемістерден, бүтін дәндерден жасалған азық-түліктен және ақуызға бай еттен құралатын диета ауруларға қарсы қорғаушы тосқауыл құруға көмектеседі. Онымен қатар суды көп ішіп, қант пен майлы азықтарды жеуден бас тарту керек.
Иммунитетті нығайтатын азық-түлік:
- Балдың бактерияларға қарсы қасиеттері бар, суық тигенде, тұмауға шалдыққанда және тамақ ауырғанда керемет көмектеседі.
- Сарымсақтың зарарсыздандыратын және қабынудың алдын алатын қасиеті бар.
- Жидектердің антиоксиданттық қасиеттері бар, иммундық жүйені қорғайды және вирустармен күреседі. Қаражидектен, құлпынайдан, аю бадамнан және өзге де жидектерден жасалған коктейльдерді ішудің пайдасы зор.
2. Дене белсенділігі
Спортсыз өмір сүру мүмкін емес! Қозғалыс – бұл өмір. Күніне ең болмағанда 20-30 минутыңызды дене белсенділігіне бөліңіз. Егер спорт залына баруға уақытыңыз болмаса, одан өзге баламалы жолдарын табуға тырысыңыз. Көбірек жаяу жүріңіз, лифтті сирек пайдаланыңыз, балаларыңызбен көп қозғалатын ойын ойнаңыз, билеңіз.
3. Тыныштық және көңіліңіздің жайбарақаттығы
Күйзеліс – бұл ағзамызға кіріп кетуіне жол берсек, біздің қорғаушы тосқауылымызды бөлшектеп тастауға қабілетті, иммунитеттің ең қатыгез жауларының бірі. Эмоцияларыңызды бақылауда ұстауды үйреніңіз. Ол үшін йогамен айналыссаңыз, таза ауада көбірек серуендесеңіз, жағымды әуен тыңдап кітап оқысаңыз, би билесеңіз, спортпен шұғылдансаңыз және денеңізді босаңсытатын ванна қабылдасаңыз болады.
4. Денсаулыққа пайдалы қатты ұйқы
Ұйқы жасушаларымызды қалпына келтіріп, ағзамызға вирустармен күресуге көмектеседі. Сондықтан әрдайым жақсы желдетілген бөлмеде 8-9 сағаттан ұйықтауға тырысыңыз. Ұйқыға уақытты аямаңыз, бұл зая кеткен уақыт емес.
5. Дәрумендер кешені
Жұмысыңызда бәрі ауырып, балаңыздың мектебінде карантин жарияланған қауіпті кездерде міндетті түрде дәрумендерді қабылдаңыз. A, C, B және D дәрумендері біздің иммунитетіміз үшін өте маңызды. Арнайы дәрумендер кешенін ішсеңіз немесе сол дәрумендерге бай азық-түлікті көбірек жесеңіз болады:
- А дәруменінің, сонымен қатар бета-каротиннің ең бай көздері сәбіз, тәтті картоп, қауын, манго, саумалдық, қырыққабат, қызыл көкөністер мен жемістер болып табылады;
- С дәрумені вирустармен және бактериялармен күресе алады. Бұл дәруменге папайя, құлпынай, киви, қауын, брокколи, лимон және грейпфрут бай.
Деніңіз сау болсын!