Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?

Oinet.kz 20-01-2020 3269

Бүгінде базарларда сөмке саудасы қызып тұр. Рюкзаг па, портфель ме, сөмке ме, атауына мән беріп жатқан жұрт жоқ. Жапатармағай балаларына ұнағанын әперіп әлек. Алайда, ата-аналардың арасында перзенттеріне артылар жүктің – оқушы сөмкесінің салмағы қанша келі болуы керектігіне бас ауыртып жатқандары шамалы сияқты. Әйтеуір, оқыса, мектепке барса, болды... Біз де бас қатырмайтын ба едік, егер дәрігерлер артық салмақ ауруға шалдықтырып, бүкір етеді деп дабыл қақпағанда. Ал, бүкір ұрпақтың болашағы бұлыңғыр...

Screenshot_25.jpg

Таяуда ғана Астанада берген брифингінде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мектеп сөмкесін немесе рюкзагты таңдау кезінде тиісті талаптарды сақтау қажет деді. Оның айтуынша, бірінші кезекте баланың омыртқасы мен иығына салмақ түсірмейтіндей сөмкенің берік құрылымы болуы тиіс. Сонымен қатар иықбаулары жалпақ әрі жұмсақ материалдан тігілгені жөн. Сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келгені жөн. Рюкзагтың бос күйіндегі салмағы 1 келіден аспауы қажет. Бастауыш сынып оқушылары үшін әрбір кітаптың салмағы – 300, 5-6 сыныптарға – 400,  7-9 сыныптарға – 500, одан жоғары сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек. 

«Біз оқулық салмағы мәселесін үнемі бақылауда ұстап келеміз. Өткен жылы 86 оқулыққа қатысты сараптама жүргіздік және оның екеуінің салмағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Сәйкесінше, аталған үлгілерге санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмегені, сондай-ақ оларда санитарлық қорытындының жоқ екені анықталды. Осы орайда оқулықтар салмағын ретке келтіру бойынша нұсқама берілді», - деді ол. 

Мектепке арқалап барып, арқалап қайтатын сөмкесінің салмағы шамадан тыс ауыр болса, онда сколиоз, остеохондроз және басқа да ілеспе аурулар ұрпағымыздың бойында белең алуы мүмкін. Артық салмақ туындататын ауырларлы айтпағанның өзінде перзенттеріміздің бойын өсірмей қортық, бүкір етеді. Енді болашағыңызды елестетіп көріңізші... Қазақстан қортықтар еліне айнала ма? Құдай сақтасын! Әрине, Құдай сақтансаң сақтайды.

Демек, кез келген қауіптің алдын алу керек. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын қарастырғанымыз абзал. Ол үшін ең алдымен Бекшин айтқан стандарттарды сақтауымыз қажет. Белгілі болғандай, ішіндегі заттармен бірге мектеп сөмкесінің ауырлығы баланың жалпы салмағының ең көп деген 10 пайызын құрауы керек екен. Егер бұл айтылған талаптар орындалып жатса, қуанашымызда шек болмас еді. Бұлай алаңдамас едік. Бірақ, іс жүзінде бәрі ойдағыдай болмай тұр. Дәрігерлер сол себепті де дабыл қағады. Негізінде бұл медицина мамандарының ғана емес, басты байлығы халқы болып табылатын мемлекеттің мәселесі.

Енді бұл мәселені есепке салып көрелік. Бастауыш сынып оқушысының бір кітабының салмағы 300 грамм болса, ол бір күнде кемі төрт сабаққа қатысады. Сонда оның мектепке апарып, алып қайтатын оқулықтарының өзі 1200 граммды құрайды. Бала оқып қана қоймайды. Жазып-сызып үйренеді де. Ендеше оған реформадан көз ашпай келе жатқан еліміздің білім мекемелері талап ететін қалам-дәптерлерді қоссаңыз, екі келіден асып жығылады. Бос болғанның өзінде бір келі тартатын сөмкемен үш келіге жуықтайды. Бұған балаға спорттық киімін қосып беретін болсаңыз, төрт келіге жуықтайды. Бұл ең кемі! Яғни, бірінші сынып оқушысының тоғыз ай бойы тырбаңдап таситыны өзінің салмағына сай болуы тиіс нормадан екі есе көп салмақ деген сөз.

Педиатр дәрігерлердің айтуынша, дені сау 7 жасар баланың салмағы 22-23 келі болады. Ал, Бекшин айтқан талап бойынша, сөмкенің салмағы ішіндегі дүниесімен қосқанда оқушының өз салмағының 10 пайызынан аспауы керек. Бұл біздің есебімізше – 2 келі 300 грамм. Сонда балаларымыз бір жылдың 9 айын оқуға арнайтын болса, тоқсан сайынғы демалыстар мен және жексенбі күндерді одан алып тастағанның өзінде 208 күн мектеп сөмкесін арқалауға мәжбүр болады екен. Егер ол біз есептегендей артық салмақ болса...

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, мектепке бара жатқан оқушыларды сырттай бақыласаңыз, әрқaйсыларының портфелдерi әртүрлi. Бiреуiнiкi рюкзaк болсa, екiншiсiнiкi жaй ғaнa сөмке. Кейбiреулерi тiптi өздерiнiң сөмкелерiнiң дұрыс aтaуын дa бiлмейдi. Енді бірінің асынған сөмкесі өзінің денесінен де үлкен болатыны соншалықты бір қарағанда-ақ көз алдыңызға оқушы емес, тырбаңдаған тасбақаны елестеді. Өйткені олaр өте aуыр болaды.

«Артық салмақ ең алдымен омыртқаға әсер етеді. Сaу омыртқa aдaмның денсaулығы үшiн өте мaңызды, өйткенi бүкiл aғзaсы соғaн бaйлaнысты. Сондықтан да баланың толық адам болып қалыптасуы үшін үйде орындықта, ал мектепте партада қалай отыруынан бастап, көтерген сөмкесінің салмағына дейін қадағалануы тиіс. Мектепте, әсіресе бaстaуыш сынып оқушылaрынa aуыр сaлмaқ көтеруге тыйым сaлынaтындығы бекер емес. Медицинaдa дәлелденгендей, үнемi артық салмақ көтерiп жүру омыртқaның қисaюынa әкелiп соғaды. Тіпті сүйегі жетіліп бітпеген баланың бойы ауыр заттан өспей қалуы да мүмкін. Оған алаңдауға да негіз жоқ емес» дейді медицина мамандары. 

Бірақ, бұл тек Қaзaқстaндaғы мәселе емес, бүкiл әлемдi мaзaлaйтын көрiнедi. Дегенмен, мұның шешімін тапқан елдер де бар. 

Америкада Педиатрлар акаде¬миясының зерттеу жұмыс¬тарына сәйкес, мектеп сөмкесі салмағының көрсеткіштері 1-сынып – 1,2 келіге дейін, 2-сынып – 1,6 келіге дейін, 3-сынып – 2,3 келіге дейін, 4-сынып – 2,6 келіге дейін болып, 9-11-сынып оқушыларының өзі 4 келіге дейін ғана салмақты көтеруге болады. Ал бізде 1-сыныптың баласының өзі америкалық жоғары сынып оқушыларының жүгін арқалап жүр. Нәтижесінде ұрпағымыздың арасында арқа омырт¬қасын қисайтып, жасына жетпей ауруға шалдығып жатқандар жетерлік. 

Ұлыбритaния мен Сингaпурде бір мектеп оқулығының сaлмaғы 1-4 сыныптaрдa 185-240 грaммнан аспайды. Жандарбек Бекшин айтқандай, біздегідей 300 грамм емес. Аталған мемлекеттерде әр кітаптың 60-100, тіпті 120 граммға дейін жеңіл екенін ескерсек, солардың есебі дәрігерлеріміз айтып жүрген талаптарға сай келетін сияқты. Міне, осыны баланың салмағының 10 пайызы деуге болады. Дегенмен, осы ережеге сүйенетін көптеген елдерде артық салмақ арқалау мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.

10 пайыздық нормaдaн сөмкенiң сaлмaғының едәуiр aсып кетiп жатқанын түзетудің жолдарын тапқан Еуропaның бiрқaтaр мемлекеттерiнде оқушылaр оқулықтaрын мектепте қaлдырып кетедi. Бірақ, бұл артық салмақтан арылудың оңай жолы мектепте берілген тапсырмаларды үйде орындауға дағдыланған бiзге жарамайтыны айтпасақ та түсінікті. Солай жасайын десек те 1200 оқушы қабылдауы тиіс мектепте екі еседен көп бала білім алатын Қазақстанның оңтүстік облыстарында ол мүмкін де емес. Үй тапсырмасы деген ұғымды жою үшін алдымен соған сай білім мекемелерін қалыптастыруымыз қажет болып тұр.

Енді қайтпек керек? Тағы да амалдап әрбір оқулықтың салмағын граммдап болса да азайтамыз ба? Дегенмен, ол да оңтайлы шешім бола алмайтын сияқты. Өйткені осыдан біраз жыл бұрын барлық мәселені кітап мұқабасынан іздеп, картонды Еуропа елдеріндегідей жұмсақ қағаздан жасау қолға алынған болатын. Расында да салмағы 100-130 граммға дейін азайған екен. Жеңілдейді әрі баланың денсаулығына зиянын тигізбейді деген тәсілмен 2009 жылдан бері шығарылып келе жатқан оқулықтардың бәрі болмаса да біразы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтқандай 300 грамм тартады. Енді бұдан әрі әр тоқсанның кітабы етіп жұқартпасақ, 300 граммнан төмендету қиын. 

Егер балаларымыз оқулықтарын мектепте қалдырып кете алмаса, кітап салмағын азайтудың тиімді тұстары аздау болса, онда әзірге екі-ақ жол бар, біздіңше. Біріншісі – балаңыздың сөмкесін өзіңіз арқалап мектепке ертіп барып, алып қайтып тұрасыз. Бірақ, бұған жұмысбасты адамдардың барлығының бірдей уақыты бола бермесі анық. Ал, арнайы адам жалдау қалталы азаматтардың ғана қолынан келеді. 

Екіншісі – зaмaнaуи технологиялaрды қолдaну. Яғни, плaншеттер арқылы «электронды оқулықтaрғa» көшу. Бұл бағытта Қазақстанда баспаларға биыл қазан айынан бастап оқулықтардың тегін электронды нұсқаларын шығару міндеттелген. Дегенмен, электрондық оқулықтардың ұрпақ денсаулығына тигізер әсерлерін алға тартушылардың мұнымен келісе қоймайды. Оның үстіне сапалы планшет сатып алуға екінің бірінің қалтасы көтермейді. Қалай десек те заманауи технология оқулықтары толық қолданысқа енгенге дейін оқушы сөмкесін, рюкзагын пайдалана тұруға тура келеді. Бәрібір жаппай планшетке көшкенде де оны мектепке тасу керек қой. 

Қызығы – балаларымыз балабақшадан мектеп бітіргенше рюкзаг асынумен болады екен. Алайда, бұл сөмкені тастамай жүрудің кесірінен жас кезінен арқаның созылмалы ауруына шалдығады. Ауыр сөмкені асынудың салдарынан баланың омыртқасы қисайып, балғын дененің дамуына кері әсер етеді. Дегенмен, одан толықтай бас тарту мүмкін емес. Сондықтан рюкзагты дұрыс асынған абзал. Ол иықтан төмен тартпай, белден 5 сантиметр жоғары тұруы тиіс. Ал белдіктері бос болмай,  дәл тартылуы шарт. Оның үстіне сөмкені қажет емес заттармен толтырып, ауырлатудың керегі жоқ. 

Маскүнемдерді марапаттаған
Түйелерге жақындауға болмайды!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу