Маскүнемдерді марапаттаған
Маскүнемдікпен адамзат баласы әлі күнге дейін күресіп келеді. Бұл бағытта көптеген елдерде мас күйінде көшеде жүрген адамға белгілі бір жаза тағайындалады. Сол секілді әр заманның өзіне лайықты жазалау тәсілдері болған.
Ресей империясының патшасы І Петр ішімдіктің денсаулыққа зиянын насихаттай отыра араққұмарларды былайша жазалап отырған екен: ол «маскүнемдік үшін» деген жазуы бар орден жасатқызған. Орден шойыннан жасалып, салмағы 7 келіге дейін жеткен. Ішкілікке салынған адам осындай «марапат» бұйырып, оны бір апта бойы тағып жүретін болған. Орден иегері оны өздігінен шеше алмаған, себебі ауыр «сыйлық» денеге мықтап бекітілетін болған.