Ғалымдар артық тамақ жеудің бес себебін анықтады

Oinet.kz 16-01-2020 891

e754a3caa21851a4456c7fba46e14037.jpg

Ұлыбританияда Сассекс университетінің қызметкері Дженни Моррис адамдардың неліктен көп тамақ жеп қоятын себебін түсіндірді. Маманның материалы The Conversation журналына жарияланды.

Морристің айтуынша, ашқарақтыққа бейім адамдарды анықтаудың бес фокторы бар. Біріншісі – жейтін тамағының мөлшері. Мұндай қорытындыны сорпа ішуге арналған сараптамаға сүйеніп жасады. Тестілеу барысында қатысушылардың ыдысына трубочка арқылы білдірмей сорпа құйылып отырды. Кейбір қатысушыларға 73% артық сорпа құйылса да, олардың барлығы бірдей өздерін "тойдық" деп есептеген. Яғни, аз ішкені де, көп ішкені де бірдей сезімде болған.

Бұдан бөлек дастарқандағы тамақтың түрлілігі де әсер етеді. Адам ас ішкендегі тамақтың дәмінен онша қанағаттанбаса, сонша тойымды болып келеді. Ал, егер үстел үстінде тамақ толып тұрса, адам төрт есе көп тамақ жеп қоюы мүмкін.

Сондай-ақ, Морристің айтуынша, тамақты көп жеп қоюға теледидар қарау, тамақ жеп отырып, кітап оқу, алкогольді ішімдік ішу және үстел басында жиналғандар әсер етеді. Егер адамның көңілі басқа жақта отырса, ол тойған-тоймағанын дұрыс сезінбейді. Сондықтан көп тамақ жеп қояды. Алкоголь де осылай ықпал етеді. Оның әсерінен ми қажетті сигналды кеш алады.

Тағы үстел басында көпшілік отырса, адам қасында отырған адамның жеген тамағының дәмін көрейін деп те артық жеп қояды.

Маман жоғарыда айтылған факторлардан құтылу үшін ас ішкен кезде тек тамақты ойлау керек деген кеңес береді. Өзіңнің жеген тамағыңды суретке түсіріп отыруға да болады. Сонда көп тамақ жегеніңді суреттер арқылы біліп, келесі порцияға келгенде өзіңді тоқтатасың.

Как остаться целым и невредимым этим летом
Темекіні тастаудың тиімді жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу