«Тырнағына қарап мінезін біл»
Тырнағына қарап адам тағдырын айтпасаңыз да, оның мінез-құлқын біле аласыз.
Тырнақ пішіні ұзынша келген адамдар сенімсіз, әдетте көп ойланады, шешімді тез қабылдай алмайды.
Тырнақтары қысқа болса, ішкі түйсігі емес, логикаға сүйенетін, сынауға бейім адам деп қорытуыңызға болады.
Тырнағы жалпақ адамдар бастық болуға тырысады, дауласуға да дайын тұрады.
Ұшы үшкірленіп, төмен қарай майысқан тырнақтар адамның іштарлығы мен сараңдығының белгісі. Мұндай адамдар тек үнемдеп қана қоймайды, тықақтап, бір жұмысын орындағанша байыз таппайды.