Ботулизмнен қалай емделуге болады?

Oinet.kz 13-03-2018 1216

Ботулизм – тағамдық токсикоинфекция тобына жататын, нәжіс-ауыз механизімімен берілетін, көлденен жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттердің парез, параличімен сипатталатын ауру. Қоздырғышы жануарлар ағзасынан бөлінген нәжісінен де тарайды. Кейде жануарлардың тасымалдаушылығы өмір бойына созылуы мүмкін. Инкубациялық орташа кезең – 4-6 сағат. Бұл кезең кейде 10 күнге дейін жалғасады. Ұзақтығы залалдау дозасына байланысты болады. Доза неғұрлым көп болса, кезең қысқара түседі. 

Screenshot_11.jpg

Ботулотоксин асқорту жолдарынан қанға жақсы сіңіріледі. Алғашқы 24-36 сағаттың ішінде қандағы концентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Берілу механизмі – нәжістік-ауыздық. Берілу жолы – алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары – ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саңырауқұлақ, ет, балық консервілері шұжық. Ботулизм спородиялық немесе топталып ауруға шалдығатын аурулар түрінде көрінеді. Ауруға шалдығу әлемнің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе, үйде тағамды консервілеу дәстүрге айналған елдерде адамдардың ботулотоксинге сезімталдығы жоғары болып келеді.

Ауру жедел басталады. Эпигастрий аймағында ауырсыну болады, жүрегі айнып, құсады, іш өтеді. Нәжісінде патологиялық өзгерістер болмайды. Бір тәуліктің соңына қарай нәжіс тоқтайды. Метеоризм, асқазанда жағымсыз сезім пайда болады. Дене қызуы қалыпты болғанымен көздің көруі нашарлайды, алды тұманданады. Жеген тамақтары аузы-мұрнынан шығып, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануының нәтижесінде басын ұстап тұра алмайды, адинамия болады. Тыныс алу қиындайды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлардың 85 пайызы өліммен аяқталады. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысуды енгізу өлімді 15-20 пайызға дейін төмендетеді.

Тағамды өңдеу, тасымалдау, сақтау барысында санитарлық гигиеналық талаптарды қатаң сақтау арқылы ботулизмнің алдын алуға болады. консервілеу кәсіпорындарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақылау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін ерекше технологиялық, санитарлық назарда ұстау қажет. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі тасымалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы керек. Тұрмыстық жағдайда жасалған тағамнан уланудың алдын алу санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Ауырғандар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Барлық күдікті тағам түрлері сынамаға материал алынғаннан кейін жойылады.  Науқастанғандар, күдіктілер 12 күнге дейін медициналық бақылауға алынады.

А.САТКУЛОВА, 

№3 Шымкент қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы

Радиотерапия қалай пайда болған?
Упражнения во время беременности облегчают роды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу