Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Жарақат дегеніміз сыртқы әсерлердің салдары тудырған ағзаның зақым алуы. Ол әр түрлі болады. Жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен жүйке талшықтары зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты.
Жарақаттың хирургиялықтан басқасы түрлерінің барлығын тез жазылып кетуі үшін алғашқыда дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы дәрі ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қанды тоқтатып, оған микроб түспеуі үшін дереу таңдыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы.
Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаш жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады. Бірақ жарақатқа қол тигізуге мүлде болмайды. Стерильденген материал-бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады. Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтап барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастанды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек.
Аяқ-қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттық барлығын дайындал алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс. Қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет. Ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.
Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады. Есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жатады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканы алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттап салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұстайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістеп, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды Сауда орындарында болатын жеке пакетті пайдалану өте қолайлы.
Жануарлардың тісі тиіп жарақат алған адамдар, жарақаты онша қауіпті болмаса да дәрігерге көрінуі тиіс. Жарақат медициналық мекемелерде танылған болса, оны үй жағдайында алмастырудың қажеті жоқ. Өйткені жарақатқа инфекция түсуі, қанауы мүмкін. Бірақ қайткенде де таңғышты алмастыру қажет болғанда, ережені мұқият сақтау керек. Жараға жабысып қатып қалған таңғышты бірден сыдырмай, алдымен үстіндегі мақтаны алғаннан кейін дәкені бір шетінен ептеп көтеріп, сутегі тотығын, риванол мен марганец қышқылы калий ерітіндісін немесе ас тұзы ерітіндісін, сондай-ақ қайнаған жылы су тамызып жібітеді. Жарақатқа компресс қағазын салуға болмайды.
М.УРТАЕВ,
№3 Шымкент қалалық емханасының травматолог дәрігері