Донор нені білуі керек?

Oinet.kz 02-01-2020 974

Дені сау, жасы он сегізден асқан адам ғана донор бола алады. Алынған қан пациенттер үшін қауіпсіз болуы керек. Сондықтан дені сау адам оның қосқан үлесінің маңыздылығын үсінуі керек.

Қан тапсырар алдында 4-5 күн бұрын ішімдік ішпеңіз және қан тапсырудың алдында 2 сағат бойы, сондай-ақ қан бергеннен кейін 2-3 сағат бойы темекі шекпеңіз. Сырқат адамның, әсіресе нәрестенің қанына түскен, сондай-ақ қан бергеннен кейін темекі шексеңіз, сіздің қаныңызға түскен никотинның уы денсаулыққа қауіпті.

pc080586_0.jpg

Қанды денің сау және тыныққаннан кейін тапсыру керек.

Плазма тапсырудан екі тәулік бұрын жеуге болатын тағамдар:

- майлы емес сиыр еті;

- терісі мен майы алынып тасталған тауық;

- балық (майлы емес) суға піскен;

- суға бұқтырылған немесе шикі көкөністер (қызылшаны 2 күн бұрын рационнан алып тастау);

- ақ нан;

- қарақұмық, жидектер ( қаражидекті 3 тәулік бұрын рационнан алып тастау) немесе компот;

- шырындар, минералды су, тәтті шай;

- тосап, бал, джем;

Донацияның алдында қандай тағамдардан бас тарту керек:

- жаңғақ;

- пісте;

- майонез;

- барлық түрдегі май;

- құрамында бояғыш заттар бар салқын сусындар.

Қан беруге барғанда өзіңізде жеке куәлік / паспорт / әскери билет болу керек.

Қан (қан компоненттерін) беретін күні ашщы, майлы және сүт тағамдарын жемеңіз. Жеміс-жидектерді, көкөністерді, долбарлы тартылған ұннан піскен нан тағамдарын жеген абзал.

Донорға дұрыс тамақтану және сұйықтықты көп ішкен өте маңызды, әсіресе қан беретін күннің алдында. Бұл күні майлы, тұзды, ашшы, ысталған және сұтті тағамдарды, жұмыртқаны жеуге болмайды.

Тәтті шай, тосап, нан, піскен жармалар, макарондар, шырындар, минералды су, жеміс-жидектер өте пайдалы.

Қан орталығына келердің алдында тамақ ішіп алу қажет. Ал қан берудің алдында донор ыстық шай ішуі керек.

Қан тапсырғаннан кейін де бірнеше күн сұйықты көбірек ішу өзіңізді жақсы сезінуге ықпал етеді.

Қан тапсырғанға дейін үш күн бойы құрамында аспирин мен аналгетиктер бар дәрілерді ішуге болмайды.

Есіңізде болсын, пациенттер (сіздің де жақындарыңыз пациент болуы мүмкін) дені сау, инфекцияны жұқтырмаған адамның қанына зәру. Сіздің біреуге көмектесемін деген ниетіңіз риясыз және шынайы болуы керек.

Әр кез қан тапсырар алдында сауалнаманың сұрақтарын мұқият оқып шынайы жауап беріңіз. Себебі біз сізбен бірге ғана сіздің көңіл-күйіңізді жақсартып, денсаулығыңызды сақтай аламыз және пациентке қан компоненттерін құюдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Қан мен оның компоненттері доноры болуға ниет білдірген азамат оның бұрын болған және қазіргі аурулары туралы, сондай-ақ есірткі заттарды пайдалануы туралы ақпарат беруі тиіс.

Өзінің денсаулығы туралы ақпаратты бермеген немесе өзгерткен азамат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапты болады, егер оның бұл әрекеті пациенттің денсаулығына елеулі зиын келтірген не келтіруі мүмкін болса.

Донорды медициналық тексеру, донорлықтан шеттету немесе қатыстыру, қан мен оның компоненттері донациясының түрін анықтауды қан орталығының дәрігер-трансфузиологы немесе дәрігер-терапевті жүзеге асырады.

Донорға және оның денсаулығына қатысты барлық ақпарат құпия сақталады.

Қан тапсырған кезде тек бір реттік стерилді құралдар пайдаланылады, сондықтан сіз инфекциялардан толықтай қорғалдыңыз.

Қан тапсырғаннан кейін бірден тұрып кетуге асықпаңыз, демала тұруға кеңес береміз ( кемінде 10 минут), печенье жеп, шырын, шай не кофе ішіңіз (ағзаңыз жоғалтқан сұйықты толықтыруға көмектеседі).

Егер қан тапсырғаннан кейін тамырдың айналасы қызарып, өзіңізді нашар сезінсеңіз, әлсіздік пайда болса – дереу дәрігерге немесе мейірбикеге айтыңыз, тәжірибелі медициналық персонал сізге тиісті көмек береді.

Мерзім аралық:

- екі қан тапсырудың аралығы – 2 ай;

- екі плазма тапсырудың (тромбоциттер) аралығы – 14 күн;

- әйелдердің жылына 4 рет;

- ер азаматтардың жылына 5 рет қан тапсыруына болады.

Донор қан тапсырған күні жұмыс орнында жалақысы сақталатын демалыс күнін алады. Егер донор функциясын өтеусіз жүзеге асыратын болса, оған жалақы сақталатын қосымша бір демалыс күн беріледі.

Соған қоса, тұрақты донорлар өзінің денсаулығы туралы бақылаудың нәтижелерін алады.

Донорлардың мынадай категориялары бар:

1)    қан доноры;

2)    плазма доноры;

3)    қан жасушалары (тромбоциттер) доноры;

4)    эритроциттер мен лейкоциттердің белгілі бір антигендік құрылымы диагностикалық мақсатта пайдаланылатын қан доноры.

Денеге жарақат түссе не істеу керек?
Жүректі қалай емдеуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу