Автордың жұбайы: Қайраттың «Алматының түндері-ай» әнін басқа орындаушылармен айтуға құқығы жоқ

Oinet.kz 07-04-2026

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртас орындауындағы танымал  “Алматының түндері ай” әнінің авторлығына байланысты даулы жағдай туындады, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Threads қолданушысы Қайрат Нұртас орындайтын “Алматының түндері ай” әні шын мәнінде менің күйеуім Әлішер Қайратовқа тиесілі. Олар оны бір кездері бірге орындаған. Оның басқа орындаушылармен орындауға құқығы жоқ. Осыны айтуға мен 12 жыл уақыттан кейін ғана бел будым”, – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас бұл әнді ресейлік танымал әнші Нюшамен бірге орындаған болатын. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі қазір Қайрат Нұртасқа қолдау білдіріп, түрлі пікірлер жазуда.  

“Қазір бұл кімге керек? Әнді бәрі Кайрат Нұртас арқылы білетін. Неге 12 жыл үнсіз отырдыңыз?”,  “Әлішер қайда? Кайрат Нұртас пен әнді білемін, ал күйеуіңізді білмеймін. Неге ол танымал емес?”, деп жазды желі қолданушылары.

Таппай жүрмін: Уәлибек Әбдірайымов Тұрсынбекке іздеу салды
Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлы өлі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу